0

sdaМузыкалық білім беру теориясы және әдістемесі кафедрасының тарихы 1986 жылы құрылған. «Бастауышта оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихымен тығыз байланысты. Біздің кафедрамыздың бастапқы негізін Б.Ж. Қоқымбаева және Т.И. Кондрушина музыкант-оқытушыларымыз қалаған.

1990 жылы кафедрамыздың алғашқы негізі қаланған жыл десе де болады. БОПӘ кафедрасы яғни «Бастауышта оқытудың әдістемесі» және «Педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру» кафедрасына бөлінеді. (Кафедра меңгерушісіс болып өнертану ғылымдарының кандидаты Б.Ж. Қоқымбаева тағайындалады .

1995 жылы «Ән және саз» мамандығы болып қайта ашылды.

1996 жылы кафедра атауы «Музыкалық-эстетикалық тәрбие беру» болып өзгертілді.

1998 жылы Университеттің құрылымы өзгеруіне байланысты БОПӘ және МЭТБ кафедаралары қосылды. Кафедра атауы «Музыка және бастауыш оқытудың әдістемесі» болып өзгертілді.

ЖОО-ның қайта құрылуына байланысты 2004 жылғы 1-сәуірде «Музыкалық білім беру теориясы және әдістемесі» кафедрасы болып Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық институтына ауыстырылды.

2006 жылы кафедра меңгерушісі болып Болгария кансерваториясы және Болгария музыка академиясының түлегі, Қ.Р.Мәдениет Қайраткері, өнертану кандидаты, философия докторы (PhD). Жанайхан Еркин тағайындалды.

Кафедра ардагерлері: Философия докторы,профессор Кокумбаева Б.Д . өнертану кандидаты ,философия докторы PhD доценті Н.И.Денисова (кафедрада 1988жылдан жұмыс істейді.) . өнертану кандидаты ,философия докторы PhD доценті Е.Ю. Личман (1989ж жұмыс істейді.) Аға оқытушы Б.Ұ.Итемгенова,Байжанова С.Ш (1994ж жұмыс істейді.)

Жас ғалымдар: Кафедрамыздың түлектері, педагогика ғылымдарының кандидаты Т.Азамат, философия ғылымдарының кандидаты Смирнова Н Е,

Ағаоқытушы магистр, СагитоваЖ.С, магистр ,ТулековаР.А. Шайза Т,Қанаева Т қызмет атқаруда.

Мамандық

Мамандық 5В010600 - «Музыкалық білім».

Қосымша мамандықСыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастару.

Оқу түрі және мерзімі

Жалпы орта білім негізінде -4 жылдан кем емес (күндізгі),орта кәсіптік білім негізінде – 3 жыл,(күндізгі – сырттай) жоғары кәсіптік білім негізінде – 2 жыл, (күндізгі – сырттай).

Дайындық мазмұны

Студенттерге оқу барысында музыкалық теориялық дайындық бойынша ( музыка тарихы ,музыка теориясы,музыкалық педагогика,музыкалық білім беру әдістемесі және т.б.). Орындаушылық дайындық бойынша ( хорды дирижерлеу, вокал сыныбы, концертмейстерлік сынып,музыкалық аспаптар:фортепиано, домбыра,қобыз,баян ) пәндері оқытылады.

Түлектердің жұмысқа орналасу обьектілер.

- Мектепке дейінгі мекемелер

- жалпы орта және кәсіби орта білім беруді ұйымдастыруда

- мәдени сауық орталықтарында

- мәдениет және өнер мекемелерінде

- музыкалық студияларда