«Кітап. Заман. Қоғам» атты аймақаралық ғылыми-практикалық конференция |
|
|
18.11.2009 06:30 |
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Сіздерді 2009 жылдың 26 қараша күні өтетін «Кітап. Заман. Қоғам» атты аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Кітап оқудың қазіргі жағдайы жалпы оқу мәдениеттілігінің жүйелі дағдарысын көрсетеді. Секция жұмысында конференцияға қатысушылар мыналарды талқылайды: кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі – бұқаралық ақпарат құралдарының жаһандануы мен ойын-сауық индустриясының қарқынды дамуы себепші болған – жалпыәлемдік үрдіс, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологилардың оқудың мазмұны мен динамикасына, ерекшелігіне тигізетін әсері, үйрету технологиясы және түрлі әлеуметтік топтар мен әртүрлі жастағы оқырмандарды оқуға тарту, білім жүйесіндегі кітапханалардың «оқитын ұлтты» қалыптастырудағы рөлі, «Оқитын Қазақстан» ұлттық бағдарламасын жүзеге асырудағы кітапханалардың өзара қатынасы мен әлеуметтік әріптестігі.
|
Подробнее...
|