Перейти к содержимому страницы.

Жастар істері жөніндегі комитет

Жалпы ережелер

ПМПИ-дің жастар істері жөніндегі комитеті институт студенттерінің заңды тұлға құрмайтын өзін-өзі басқару нысаны. Ол білім беру үдерісін басқаруға, студент жастар өмірінің мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға, өзіндік әлеуметтік бастамаларды қолдау мен іске асыруға студенттердің қатысу құқықтарын жүзеге асыру мақсатында құрылады.

ПМПИ-дің жастар істері жөніндегі комитеті институттың күндізгі және сырттай оқу нысандары студенттерінің тұрақты жұмыс істейтін өкілетті және үйлестіруші органы ретінде құрылады. ЖОО студенттерінің конферен-циясында қабылданатын жастар істері жөніндегі комитет туралы ереже негізінде әрекет етеді.

Жастар істері жөніндегі комитет еріктілік, жариялылық және комитет мүшелерінің тең құқықтығы қағидаларының негізінде жұмыс істейді.

ЖОО әрбір студентті осы Ережеге сәйкес кез келген деңгейдегі комитетке сайлауға және сайлануға құқығы бар.

Жастар істері жөніндегі комитеттің қызметі ЖОО-ның барлық студенттеріне бағытталған.

Жастар істері жөніндегі комитеттің шешімдері ұсынымдық және кеңес беру сипатында болады.

ПМПИ-дің жастар істері жөніндегі комитеті туралы ЕРЕЖЕ (жүктеу)