Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Басты меню

Сертификаты

Система Orphus

Құрметті әріптестер!


    Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының инновациялық білім беру орталығы «Мұғалімдерге арналған сырттай мектеп» жұмысын ұйымдастырады және Сіздерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
       Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби ұстанымдарын өзгерту үшін едәуір қолайлы жағдайлар жасау-педагог кадрларының тұлғаның пәндік-әдістемелік дамуынан жалпы мәдени және кәсіби дамуына қайта бағдарлануы.    
         Міндеттер:
- Мектептердің педагог ұжымдарына педагогикалық шеберлігін, кәсіби білімдерін, дағдыларын дамытуда көмек көрсету, кәсiби құзыреттiлiктерін арттыруды қамтамасыз ету;
- 12 жылдық (бейіндік) білім беру, инклюзивті, электронды, қосымша және көптілді білім беру жүйесі жағдайларында жұмыс істеу дайындығын қалыптастыру;
- мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын жазу бойынша мұғалімдерге кеңес беру;
- шағын комплектілі мектеп, 12 жылдық, көптілді, инклюзивтік, ақпараттық білім беру және т.б. бағыттар бойынша ПМПИ-дің ғылыми кітапханасына әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін ұсыну;
- «Мектеп оқушыларын азаматтық-патриоттық тәрбиелеудің теориясы және практикасы» интернет — конференциясын, 12 жылдық білім беру мәселелері бойынша интернет — педагогикалық кеңесті ұйымдастыру.