Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Басты меню

Сертификаттар

Система Orphus

Комплексное тестирование

 

2011 жылғы талапкерлерді кешенді тестілеу

 

Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) – ақпараттық технологияларды пайдаланып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.

ТКТ өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарының (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептің бітірушілері, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.

ТКТ азаматтардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдаған мамандығына сәйкес таңдалған пән.

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды          20 маусым мен 9 шілде, шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

ТКТ 37 ЖОО-ның базасында 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептелінеді: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.

Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

  • РусскийEnglish
Top Panel