Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-дың 55 жылдық мерейтойын тойлау!

19.09.2017

Бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 55 жылдық мерейтойын тойлау үстінде. Мерейтой екі күндік бағдарлама бойынша іске асады.

Институттың мерейтойын тойлау құрметіне мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми іссапарларына арналған фотогалереяның ашылуы өтті: 2006 жылы қырық бес жылдық мерейтой қарсаңында дәне 2016 жылғы 16 наурызда өткен жаңа жатақхананың ашылу салтанатына.

 

Суретші А.В.Пархоменконың «Люди и события» көрмесі таныстырылған еді.

Институт мерейтойлық күнінің айрықша оқиғасы – «ПМПИ қолжазбасы» мұражай экспозициясының ашылуы. ПМПИ ғылыми кітапханасының жетекшісі Игибаева Роза Ержанқызы жоо қызметкерлері мен қонақтарына әр экспозицияның тарихы туралы баяндап берді.

ПМПИ 55 жылдығына арналған ғылыми кеңесте институт қызметкерлері мен ардагерлерін «Ұстаздар ордасы- - 55 жыл» медальдармен марапаттады.

Институт мерейтойының белді оқиғаларының бірі – ақын, «Ұстазым менің» өлеңінің авторы Аманжол Шамкеновтың 90 жылдығына арналған экспозицияның ашылуы. Ақынның туған-туыстары мен жақындары атқарылған жұмыс үшін институт ұжымына алғыстарын білдірді.

ПМПИ педагогикалық қызмет ардагерлеріне 11 томдық «Өнегелі тұлғалар» кітап сериясы еңбек ардагерлеріне және Павлодар облысының еңбек сіңірген қайраткерлері мен түлектеріне табысталды.

Мерейтой құрметіне студенттер арасында ұлттық ойындар бойынша сайыстар өткізілді және шығармашылық жұмыстар таныстырылды.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институттың 55 жылдық мерейтойын «Ustazym» жастар концерттік бағдарламасы, «Future music» шоу бағдарламасы және мерекелік отшашу мерейтойлық шаралары аяқтады.

 

">