Оқушылардың пәндік олимпиадасы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадасы туралы бұл ереже олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, оның ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін, олимпиаданың қатысушыларын, жауаптыларын, олимпиаданың қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің марапатталуын белгілейді.
1.2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
- оқушылардың зияттқерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау;
- ғылыми-зерттеу қызметі мүддесіне ынталандыру;
- дарынды оқушыларға қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар арасында ғылыми білімді тарату.
1.3. Олимпиаданы жыл сайын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Павлодар облысының білім басқармасымен, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен бірігіп өткізеді.
1.4. Олимпиада физика, математика, биология және химия пәндерінен өткізіледі.
1.5. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпаратты институттың ppi.kz. сайтында орналасады.
2. Олимпиаданың міндеттері
2.1. Оқушылардың физика, математика, биология және химия пәндеріне тереңдетіп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
2.2. Оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
2.3. Оқушылардың белгілі бір ғылым саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру.
2.4. Оқу және кәсіби уәждеме деңгейін арттыру.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1 Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
I кезең – іріктеу, онлайн режімінде сырттай 1 наурызда өткізіледі.
II кезең – қорытынды (облыстық) көктемгі демалыс кезінде ПМПИ-дің базасында өткізіледі.
3.2 Мектептер олимпиадаға қатысу үшін өтінімді берулері тиіс (1-қосымшаға сәйкес).
4. Олимпиаданы ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
4.1 Олимпиаданың кезеңдеріне дайындық және олардың өткізу жұмыстарын олимпиаданың ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Оның құрамына төр- аға, оның орынбасары, жауапты хатшы және мүшелері кіреді. Ұйымдастыру комитетінің құрамы ПМПИ-дің қызметкерлері мен оқытушыларынан, білім бөлімдерінің қызметкерлері мен мектептердің мұғалімдерінен құрылады. Облыстық олимпиаданын ұйымдастыру комитетінің құрамы ПМПИ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
4.2. Облыстық олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:
олимпиаданың дайындығы мен өткізілуі туралы хабарландырудың дер кезінде жариялануын қамтамасыз етеді;
олимпиаданың аудандық (қалалық) және облыстық (қорытынды) кезеңдерін өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;
олимпиаданы өткізу бағдарламасын құрастырады, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтау жөнінде комиссия құрамын, пәндік қазылар алқалары мен олардың төрағаларын бекітеді;
қазылар алқаларының ұсыныстары бойынша олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;
олимпиаданың қорытынды кезеңінде қатысуға мектептерден түскен есептерді, ұсынымдар мен өтінімдерді қарайды;
облыстық олимпиада дайындығына жалпы басшылық жасайды;
өтінімге міндетті түрде аудандық (қалалық) пәндік олимпиаданың іріктеу кезеңінде жүлделі (1,2,3) орындарға ие болған оқушылар енгізіледі;
олимпиаданың облыстық (қорытынды) кезеңіне қатысушылардың жұмыстарын шифрлау және тексеру тәртібін анықтайды;
4.3. Облыстық пәндік олимпиаданың нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді.
5. Облыстық олимпиаданың қатысушылары
5.1. Олимпиада қатысушылары болып аудандық және қалалық мектептердің химия-биология және физика-математикалық сыныптарының оқушылары табылады;
5.2. Олимпиадағы қатысушының өзімен бірге жеке басын растайтын куәлігі болуы керек. Жеке басын растайтын куәлігі болмаған жағдайда оқу орнынан фотосуреті бар анықтама көрсетуі керек.
5.3. Облыстық (қорытынды) кезеңге қатысушыларды іріктеу мектептердің өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
5.4. Әр пән бойынша Олимпиада жеңімпазы – ең жоғары балл санын жинаған және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушы болып саналады.
6. Жауапкершілік
6.1 Пәндер бойынша тапсырмаларды, бағалау өлшемдері мен әдістемесін дайындау үшін тапсырмаларды дайындау жөніндегі комиссия жауапкершілікте болады.
7. Олимпиаданың қорытындыларын шығару
және жеңімпаздары мен жүлдегерлерінін марапаттауы
7.1. Қорытынды олимпиаданың әр кезеңінен кейін шығарылады. Әр пәннен жүлдегерлер анықталады.
7.2. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ПМПИ ректорының грантына, оқу үшін жеңілдіктер алуға құқылы:
Пән |
1 орын |
2 орын |
3 орын |
Физика Математика Биология Химия |
ПМПИ-дің білім грант туралы куәлік |
ПМПИ-де 50 % оқу жеңілдіктері туралы сертификат |
ПМПИ-де 25 % оқу жеңілдіктері туралы сертификат |
1- қосымша
Облыстық олимпиадаға қатысуға өтінім
№ |
Қатысушының толық аты-жөні жеке куәлігі бойынша |
Телефон |
Ауданның (қалалық) және мектептің атауы |
Оқыту тілі, пәні |
Пәндік мұғалімдердің толық аты-жөні жеке куәлігі бойынша |
Мектеп директоры