Перейти к содержимому страницы.

Болашаққа көз тастау: қоғамдық сананы жаңғырту

17.04.2017

Естай атындағы мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың басшылығымен аймақ активінің өткен жиналасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту»   бағдарламалық мақаласын талқылады.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институының оқытушылары  да бұл шараға қатысты. Елбасының бұл бағдарламалық мақаласын талқылау өте маңызды. Ұлттық ойдың мәнін қалыптастыруға  ерекше көңіл бөлінген.

Осыған байланысты қоғамның әрбір мүшесіне рухани жаңашылдықтың мәнін түсіндіріп жеткізу міндет. Біріккен ұлтты құру үшін алдымен қалыптасқан дәстүр мен рухани құндылықты сақтай отыра өз мәдениетіңді, қазақ халқының тілін дамыту маңызды. Латын қарпіне біртіндеп көшу Қазақстанның жалпыәлемдік үдеріске кіруін жылдамдататын фактор болып табылады. Жаңа гуманитарлық білім жобаларын жүзеге асыру аясында  қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлемнің ең үздік жүз оқулығы қазақ тіліне аударылады. Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы, келешегі бар «Қазақстанның қасиетті жерлері», «Қазақстанның мінәжат географиясы», «Қазақстанның 100 жаңа адамы»   ұлттық жобасы отансүйгіштікті, ұлттық сананы көтеруге  шақырады.    Ашық сана қазақ қоғамының бәсекеге  қабілеттілігін арттыруға ықпал  етуі тиіс.

 Қойылған   тапсырманы іске асыру үшін құжаттық бағдарламаны еліміздің әр азаматы қолдауы және күш салуы керек.

">