Филология және тарих факультеті
Филология және тарих факультетінің деканы
Ерғалиев Қуаныш Советұлы
Деканат
-
- Телефон
-
- Пошта
-
- Торайғыров көшесі, 58-үй, №5 оқу ғимараты
- Мекенжай
-
- 303
- Дәрісхана
Толығырақ
Ерғалиев Қуаныш Советұлы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты филология және тарих факультетінің деканы.
Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті (1994-1998); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті қазақ тілі мамандығының магистранты (1998-2000).
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ісмет Кеңесбаевтың фонетикалық еңбектерінің ғылыми негізі».
Ғылыми, оқу-әдістемелік басылымдары: 2 монография, 3 оқу құралы, 1 электронды оқу құралы, ІІ томдық тест тапсырмаларының жинағы, 100-ден аса мақала (соның ішінде SCOPUS базасындағы нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда 6 мақала) авторы.
Марапаттары: Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты (2011), ПМПИ ректорының Құрмет грамотасы (2012), «ПМПИ-ге – 50 жыл» медалі (2012), Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2013), «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2014» грантының иегері, «Ұстаздар ордасына – 55 жыл» медалі (2017).
Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастыруымен Павлодар облысы мектептерінің оқушылары арасында жыл сайын өткізілетін олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысының қазылар алқасының мүшесі, Тілдерді дамыту басқармасында мемлекеттік органдардағы, қала және аудан әкімі аппараттарындағы тіл мәселелерін қадағалайтын сараптау комиссиясының мүшесі.
Деканның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары
Ахметова Лаура Нұржанқызы
Деканат
-
- Телефон
-
- Пошта
-
- Торайғыров көшесі, 58-үй, №5 оқу ғимараты
- Мекенжай
-
- 303
- Дәрісхана
Толығырақ
Ахметова Лаура Нұржанқызы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты филология және тарих факультетінің оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі декан орынбасары, тарих ғылымдарының магистрі.
Білімі: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (2002-2006); Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты тарих мамандығының магистранты (2006-2008).
Ғылыми-зерттеу бағыты: Білім беру жүйесіндегі жаңа оқыту технологиялары және шетел тәжірибесі. Осы мәселелер төңірегінде соңғы 3 жылда 10-нан аса ғылыми мақала жариялап, біліктілігін арттырған. Біліктілікті арттыру қурстары:
- Алматы қаласы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында 240 сағаттық «Жаңа оқыту технологиялары бойынша» модульдік оқыту курсы. Сертификат, 2014 жыл
- Повышения квалификации ППС по Программе «Новые подходы в преподавании и обучении» разработанной Центром педагогического мастерства АОО «Назарбаев интеллектуальные школы» и факультетом образования университета Кембридж, на базе Регионального центра повышения квалификации и трансфера технологий ПГПИ в объеме 160 часов (03.03.2014-16.05.2014). Сертификат, 2014
- Научно-методический онлайн-семинар по теме: «Подготовка педагогических кадров к работе в условиях 12-ти летней школы». Сертификат, 2015
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универсисетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде дайындалған педагог кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатарынан тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша 232 академиялық сағат көлеміндегі курсты аяқтады. Сертификат, 2016
Марапаттары: Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай ПМПИ ректорының Алғыс хаты (2014); Тәуелсіздік күніне орай ПМПИ ректорының Алғыс хаты (2014); 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ПМПИ ректорының Құрмет грамотасы (2015); Педагог кадрларын даярлаудағы адал еңбегі үшін ПМПИ ректорының Құрмет грамотасы (2016); «Ұстаздар ордасына – 55 жыл» медалі және Құрмет грамотасы (2017).
Қосымша ақпарат: ПМПИ филология және тарих факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі; Студенттердің ғылыми қоғамының жетекшісі.
Деканның тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары
Әбдіғалымова Жанна Оралқызы
Деканат
-
- Телефон
-
- Пошта
-
- Торайғыров көшесі, 58-үй, №5 оқу ғимараты
- Мекенжай
-
- 303
- Дәрісхана
Толығырақ
Әбдіғалымова Жанна Оралқызы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты филология және тарих факультетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, педагогикалық ғылымдар магистрі.
Білімі: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті (1993-1997); С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранты (2012-2014).
Магистрлік диссертация тақырыбы: «М.Әуезовтің тілдік тұлғасы».
Біліктілігі:
- «Мектеп және жоғары оқу орны: әдіснама, тәжірибе» атты ғылыми семинар. –Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2012.
- «Оқытушылардың біліктілігін арттыру және тілдік құзыреттілік» атты семинар. –Павлодар: «Ана тілі» орталығы», 2014.
- «Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері». Қытай Халық Республикасы: Орталық Ұлттар университеті, 2013.
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 240 сағат көлеміндегі біліктілік арттыру курсы. –Алматы, 2015.
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірлескен «Интернет желісін оқу үдерісінде пайдалану мүмкіндіктері» атты онлайн ашық сабағы, 2015.
- «Новые подходы и инновационные образовательные практики» атты 72 сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курсы. –Павлодар: ПМПИ, 2016.
Марапаттары:
- ПМПИ бірінші проректорының Алғыс хаты (2011, 2012).
- «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2-дәрежелі диплом. Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2013.
- Олжабай Толыбайұлының 300 жылдығына орай «Олжабай батыр – ел қаһарманы» атты ғылыми-практикалық конференция. 2-дәрежелі диплом. –Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2013.
- ПМПИ ректорының Құрмет грамотасы. –Павлодар, 2015.