«Мәңгілік Ел» құндылығы
14.04.2017
Е.Бекмаханов атындағы кітапхана ПМПИ тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасымен біріге «Жастарда Мәңгілік Ел ұлттық идея құндылығын қалыптастыру» атты дөңгелек стөл ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты жаңа отандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Дөңгелек стөл модераторы, Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың әдіскері Хадиша Григорьевна Дандыбаева «Мәңгілік Ел» патриоттық актінің бүгінгі уақытта маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып «Жастарға ұлттық идея құндылығын қалыптастыру» тақырыбын ұсынды, білім мазмұнының жаңашалану жағдайында тәрбиенің тұжырымдық негізі туралы айтты. Х.Г.Дандыбаеваның айтуынша Қазақстандағы білім жүйесінің ерекшелігін ескере отырып жалпықазақстандық «Мәңгілік Ел» ұлттық идеяға негізделген «тәрбиенің пайымды үлгісі» жобаланған, себебі білім беру саласында басқа да салалар сияқты балалар мен жастарды тәрбиелеуде және оқытуда еліктейтін үлгі керек. Бұдан өзге де жаңа қазақстандық отансүйгіштіктің негізін құрайтын жалпыұлттық құндылық жайында толығырақ айтып берді.
Дөңгелек стөл барысында студенттер тілді, дінді сақтау, оқушыларды ата-баба өнегесінде тәрбиелеу мәселесін белсенді талқылады.
Дөңгелек стөл ұйымдастырушыларының айтуынша студенттер қазірдің өзінде білім үдерісімен қатар тәрбие барысын да лайықты жүргізуге дайын.