Перейти к содержимому страницы.

Павлодар облысы жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы

07.06.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері білім беру саласын реттейтін, сондай-ақ жоғары оқу орындарында, жергілікті атқарушы органдар қызметінде және орталық мемлекеттік органдары аймақтық құрылымдық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық қаупінің талдауын жасау бұйрығымен танысты.

Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы мемлекет дамуының жаңа кезеңі –  білім беру жүйесінің барлық қызметін анықтайтын «Қазақстан – 2050» стратегиясы.

Бүгінде білім әлеуметтік және гуманитарлық дамудың таптырмайтын факторы, жаңа мыңжылдықтың талабына қарсы тұра алатын қазақстандық қоғам бірігуінің қажет бөлігі ретінде танылған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты ел дамуының рухани, мәдени, білім, кәсіби және физикалық дамуының негізгі танымын анықтады.

Білім берудегі сыбайлас жемқорлық – білім беру мүмкіндігіне, оның сапасы мен шынайылығына әсер ететін жеке пайдаға кенелу үшін лауазымдық қызметін пайдалану.

Хартия әр қызметкердің лауазымын ескермей әрекетінің, студенттер әрекетінің міндетті үлгісін анықтайды. Әрекет үлгісінің саяси-құқықтық, танымдық-эстетикалық және корпоративтік принципті анықтайды.

Кездесуде ИнЕУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, білім басқармасының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету департаментінің қызметкерлері қатысты.

">