Педагог-музыканттарға арналған курстар
18.05.2017
2017 жылдың 4-17 мамыр аралығында философия докторы (PhD), өнертану кандидаты, музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Денисова Наталья Екібастұз қаласы Глинка атындағы балалар музыка мектебінде «ЖОББМ, МБМ, БММ, БӨМ жағдайында педагог-музыканттың ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізді.
Курстың мақсаты – ЖОББМ, МБМ, БММ, БӨМ жүйесінде зерттеу негізінің қызметтерін жүзеге асыру жағдайында педагог-музыканттардың әдіснамалық мәдениетін, ғылыми-әдістемелік жұмысты өткізудің дағдыларын ұйымдастыру және қалыптастыру.
Білім беру саласы Мемлекеттік стандарттың құқықтық-нормативтік базасынан және ғылыми-әдістемелік үдерісті ұйымдастыру ерекшелігін, максималды мүмкін нәтижеге қол жеткізу барысында қазіргі ғылыми-зерттеу әдістемені пайдалану, ғылыми-әдістемелік жобаларды жоспарлау мен орындау бағыттарынан құралған бағдарлама екі модульден болды.
Тақырыптарды оқыту және бекіту кезінде бағдарлама жетекшісі Н.И.Денисова достық ахуалын қалыптастырды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді және өтілген шараның өзектілігін атап кетті. Курс тыңдаушыларына сертификаттар берілді.