Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ «ІІ Ректор кешінде» ең үздік 25 жұп би биледі

05.12.2017

ПМПИ 55 жылдық мерейтойн тойлау шеңберінде ПМПИ тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі басқармананың қолдауымен жастар ісі бойынша клмиттеттің ұйымдастырумен «Иртыш» мейрамханасында «ІІ Ректор кеші» өтті. Өтініш берген көптеген қатысушылар ішінен финалға ең үздік 25 жұп өтті.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Асем Ильясова құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды аяқталып жатқан мерейтойлық жылмен құттықтады.

Хореограф Павел Шевчуктың көмегімен қатысушылар екі би нөмірін әзірледі: полонез және мәнерлі вальс.

Талантты жастардың өнерлері харизматикалық және жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың өнерлеріне баға берген әділ қазылар: Павлодар облысы бойынша білім беру кәсіподағының бас маманы Ернар Иманбаев, «Эльф» той салоны – Софья Гасанова, Александра Сокуренко және тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Қуаныш Солтанбаев пен Жангуль Ергибаева. Кештің Патшасы мен Патшайымы атағын Тимур Ахтанова және Алуа Увакова, Герцог және Герцогиня атағын Максим Постоялко мен Татьяна Осьмак, ал «Көрермендер көзайымы» номинациясын Шыңғыс Сүлейменов пен Ақмейір Азретова иеленді. Конкурс ұйымдастырушылары кеш демеушілеріне ыстық ілтипат білдіріп, оларды алғыс хатпен марапаттады.

">