Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-де «Кітап. Уақыт. Қоғам» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы өтті

24.11.2017

«Кітап. Уақыт. Қоғам» конференциясы оқу және кітап мәдениеті мәселелеріне арналған. Мақсаты – кітап оқу мәртебесін тұлғаны қалыптастыру құралы, қоғамның рухани құндылығы ретінде және Қазақстандағы оқу бағдарламаларын қолдау мақсатында әлеуметтік пен халықаралық ынтамақтастықты дамыту. Өткен жылдардағы конференциялар оқырмандардың қызығушылықтарын тудырып, сәтті өткен болатын.

Шара бағдарламасына пленарлық отырыс, екі тематикалық секцияның жұмысы және мастер-класстарды өткізу кіреді.

Бүгінгі шараға Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Астана, Тараз, Алматы және т.б. қалалардан конақтар келді.

-Кітап – білім бұлағы. Адам баласы кітап арқылы өседі, білім, ғылымның нәрі бойына сіңеді және кітап арқылы үлкен жетістіктерге жетеді. Аталған конференция тәжірибе алмасу шеңберінде Павлодар кітапханаларына үлкен пайда әкелмек, - деді ПМПИ ректоры Алтынбек Нухұлы.

Өткізіліп отырған шара - қазақстандық ғылыми және педагогикалық қоғамның қазіргі замандағы кітап мәдениеті және оқу мәселелеріне қатысты фактілердің бірі. Аталған тақырыптын өзектілігіне қарамастан, отандық сала жағынан бұл тақырыптың аса зерттеле қоймағанын атап кету қажет. Ғылыми қоғамның алдында көптеген зерттеу міндеттері тұр.

-Қазіргі уақытта қай форматта оқу мәселе емес. Ең бастысы кітапқа деген қызығушылықты ояту. Қазіргі жастардың мүмкіндіктері өте зор екенін атап кету қажет. Қазіргі заманда «Жоқ» деген сөзге жол жоқ, себебі кітапханалар барлық жағдай жасауда, әдебиеттер цифрлық нысанға көшіріліп жатыр. Біз барлық ЖОО өз репозиторийін құратын, ал еліміздің ғалымдары өз еңбектеріне жол ашатын және кез келген студен ғалымдарымыздың ғылыми еңбектер базасымен таныса алатын деңгейге дейін бара жатырмыз, - деді Қазақстан ЖОО кітапханалар бірлестігінің президенті Гүлжан Ержановна. –Жастар кітап оқымайды дегенге мен келіспеймін. Керісінше, жастар кітап оқуда. Мен ЖОО саласында қызмет істеймін және де бірінші курстан бастап жастарға қандай бағыт берсең, сондай неәтиже алатынымызға сенімдімін. Егер студент университетке дайындықсыз келсе, демек сіздердің кітапханаларыңыз дұрыс жұмыс жасамаған, ‒ деп үнемі студенттерге айтамын. Кітапхана әрқашан да кітап оқуға деген қызығушылықты тудыру мақсатын түрлі шаралар атқаруға тиіс. Сонда студенттер университетке жақсы дайындықпен келер еді.

Оқырмандардың барлық категориясын қолдау мақсатында кітап оқу мәселесінің шешімін табуға бағытталған  әр түрлі әкімшіліктерінің мамандары мен ғалымдары өз еңбектерін конференцияға жолдады. Конференцияға келіп түскен баяндамалар қағаз және электронды жинақ түрінде жарық көреді.

-Президент өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін жоғарылату мәселелсін қозғағанда, тек қана біз, ЖОО кітапханашылары жастарды кітап оқуға қызықтыруымыз қажет. Осындай салады педагогикалық оқу орындарының керемет дәстүрлері бар. Біз «Кітап оқитын студент», «Кітап оқитын оқытушы», «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институттың студенттері балаларға кітап оқиды» акцияларын өткіздік. Бүгін біз кітап оқу мәселелерін сөз етсек, алдағы уақытта жұмыстың жаңа формалары мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланатын болады, - деді Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың директоры Роза Игібаева.

">