ПМПИ-де «STARTUP «BOLASHAK-BUSINESS PAVLODAR» стартап-жобалардың жастар арасындағы алғашқы республикалық конкурсы аяқталды
21.11.2017
Өз жобаларын таныстыру мақсатында республика қалаларының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері ПМПИ-ге келді. Астана, Алматы, Өскемен, Петропавл, Тараз, Семей және Павлодар облыстарынан командалар таныстырылды. Жалпы алғанда, конкурста 28 команданың жобалары таныстырылды, оның ішінде 49 адам қатысып, 9 қатысушы ақтық мәреге шықты.
Конкурс ұйымдастырушылары – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және «Болашақ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.
Бағдарламаға қызыққа толы болды. Жастар 4 күн ішінде, яғни 15-18 қараша аралығында пединституттың қабырғасында өткен шеберлік сабақтарға, семинарларға және мәдени-демалыс шараларға қатысты. Үшінші және төртінші күні финалға шығу үшін қатысушылар өз жобаларын таныстырған іріктеу кезеңі өтті.
Шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қатысты. Ғылыми жобаларды іске асыру барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, өткізіліп отырған конкурстың маңыздылығын атап кетті:
-Бүгінгі өткізіліп жатқан шара өте маңызды және де жұмысты бағалауға өте сақтықпен қарау керек екенін атап айтқым келіп тұр. Инновациялар және «квази-инновациялар» бар, ол екеуі екі түрлі нәрсе және біздің міндетіміз барлық жұмыстарды талдап, жобаларды іріктеу, - деді Мейрам Бегентаев. –Әрине, біз әр қатысушының ойын оқи алмаймыз, дегенмен жұмысты бағалау кезінде сыни көзқарас таныттық. Алғырлық танытқан қатысушыларға өз алғысымды білдіргім келеді.
Павлодар өңірінде алғаш өткізіліп жатқан конкурстың ерешелігін «Серпін-2050» студенттер филиалының төрағасы Дарын Тәжібаев атады:
-Біздің қаламызда шара алғаш рет өткізілуде және де Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастарға өте қуаныштымыз. Стартап-конкурсқа қатысам деушілердің саны көп болғанымен, бізге үздік жұмыстарды таңдауға тура келді, - деді Дарын Тәжібаев. –Президент өз жолдауында, елдің ЖІӨ бизнесте негізделетінін айтқан болатын. Студенттердің болашақ бизнесмендер екеніне сенемін және оларға өздерінің мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасаумыз қажет.
Финалға келесі қаТысушылар шықты:
1-орын ‒«Momentary Work» жобасымен Қуатбек Төлегенов, Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Өскемен қ.;
2-орын ‒ «Получение полиэфирной смолы путем переработки пластиковых бутылок и пластиковых отходов» жобасымен Аким Ергешов пен Қант Бекназаров, Алматы қ.;
3-орын ‒ «Easy Keyboard» жобасымен Ханзада Молдабекова, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ.
Конкурстың жүлде қоры:
1-орын – 800 000 теңге;
2-орын – 600 000 теңге;
3-орын – 300 000 теңге.
Күн салтанатты марапаттаумен және кино кешімен аяқталды.