ПМПИ-де Тұңғыш Президент күніне орай институтішілік дебат жарысы өткізілді
04.12.2017
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Ақиқат» дебат клубы мен жалпы биология кафедрасының ұйымдастыруымен, сонымен қатар, жастар саясаты департаментінің қолдауымен институтішілік дебат турнирі өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатына жалпы биология кафедрасының меңгерушісі Тулендиева Гульнара Каиржанова қатысып, турнир қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Турнир барысында қазіргі заманғы өзекті мәселелер қозғалып, әр қатысушы өз ойын еркін білдіре алды. Турнир қорытындысы бойынша 1 -ші орын «Инфинити» командасына, 2 - ші орын «Motivation», ал, 3-ші орын «АПФ» фракциясына бұйырды. «Үздік талпыныс» номинациясында Есенқұл Ақәділ және Иманбаердиева Ақбота атап өтілді. Сондай-ақ, «Үздік спикер» - Әлімқұл Айгүл, «Үздік төреші» номинациясы Балқыбаев Мұратқа табысталды. Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!