Перейти к содержимому страницы.

Робототехника бойынша семинар

26.06.2017

ПМПИ информатика кафедрасы информатика мұғалімдеріне арнап «Білім беру робототехниканың таңдаулы бөлімдері» семинарын өткізді.

Семинарды өткізудің мақсаты – мектепте робототехниканы оқытатын информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, LEGO MINDSTORMS Education EV3 платформасында шағын роботтарды жинақтау және бағдарламалауды үйрету.

Семинарда Павлодар және Екібастұз, сонымен Баянауыл және Железин аудандарының мектептері мен колледждің 12 информатика мұғалімдері қатысты.

К.М.Мухамедиева және Г.Ш.Нургазинованың басшылығымен мұғалімдерді робототехникалық құрылғыларды жинақтау мен бағдарламау әдістерімен таныстырды.

Семинардың соңында информатика мұғалімдеріне сертификаттар табысталды.

">