Латын жазуына көшу мәселесі бойынша семинар
29.05.2017
2017 жылғы 24 мамырында ПМПИ информатика кафедрасында латын жазуына көшу мәселесі бойынша семинар өтті.
Семинарда информатика кафедрасының меңгерушісі А.М.Асамбаев оқытушылар мен студенттерді аталған мәселенің тарихымен таныстырып кетті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінен латынға көшудің қажеттілігін атап кеткенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2017 жылдың аяғына дейін барлық қоғамдық қайраткерлері мен ғалымдардың өзара әрекет етуімен қазақ әліпбиінің бірыңғай жаңа стандартын қабылдау қажеттігін айтты. Ал 2025 жылдан бастап барлық ресми құжат, периодикалық басылым, оқулықтар – барлығы латын әліпбиімен шығуы қажет екендігін айтты.
Бір кездері қазақ әліпбиі латын қарпінің негізінде жұмыс істеген уақыт болды. 1929 жылғы 7 тамызында Қазақ КРС мен Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесі Президиумның орталық атқарушы комитеті латын қарпі негізінде «Бірыңғай түрік әліпбиі» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиін 1929 жылдан 1940 жылға дейін пайдаланды.
1940 жылы «Қазақ тілінің латын әліпбиінен орыс тілінің қарпі негізіндегі әліпбиге көшу туралы» заңы қабылданды.
КСРО ыдырағаннан кейін оның бұрынғы республикалар кейбірі кеңестік кезеңді еске алып, қайтадан латын жазуына көшті. Орталық Азияда осы саланың бастамашы болып 1992-жылдарда әліпби реформасының іске асырған Түркменстан аталды. 1993 жылы «Латын қарпіне негізделген өзбек әліпбиін енізу туралы» Заңы Өзбекстанда қабылданып, 1996 жылдан бастап жүзеге аса бастады.
Қазіргі уақытта ТМД-ның азиат мемлекеттері – Әзербайжан, Түркмения және Өзбекстан өз әліпбилерін латынға көшірді. ТМД-ның еуропалық мемлекеттерінің ішінде Молдавия латын жазуына көшкен еді.
Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кириллица негізінде әліпбиді қолданып жүр. Грузия және Армения өздерінің графикалық негізіндегі көне әліпбиді қолданып жүр.
2006 жылдың қазанында Н.Назарбаев аталған мәселені қайта қарау мәселесін қозғаған кезде Қазақстанда латынға көшу мәселесін белсенді талқылай бастады. 2007 жылдың шілдеде Шығыс елдері мен басқа мемлекеттердің латын жазуының тәжірибесі баяндалған, қазақ әліпбиінің латынға көшу қажеттілігі көрсетіліп, қаржы шығындары көрсетілген білім және ғылым Министрлігі «Қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы» аналитикалық жазба дайындаған еді.
Президент латын әліпбиіне көшудің өз логикасы бар деп санайды. ХХІ ғасырдағы қазіргі технология мен коммуникациялардың, ғылым мен білім үдерістерін енгіщу ерекшеліктерімен байланысты деп санайды.
«... Бұл бізді әлемге біріктіру, біздің балаларымыздың ағылшын және Ғаламтор тілін меңгеруге жағдай жасайды» - деп Н.Ә.Назарбаев айтып кетті.