Перейти к содержимому страницы.

Үштілділік - көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі

23.05.2017

2017 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» юағдарламалық мақаласын талқылау аясында ПМПИ оқу-әдістемелік-жұмыс және жаңа технологиялар жөніндегі проректор Жанат Мұқатаева «Үштілділік-көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.

«Бірінші айта кететін жайт, бүгінде Қазақстан – идеологиясы еуразиялық үлгіде қалыптасқан, соған сәйкес толеранттық этносаралық әрекеттің маңызды бөлшегі болып келетін көпэтностық және көптілдік қоғам» - деп Жанат Макановна ерекше айтты. Көптілдік туған тілі мен басқа тілдерді меңгерудегі тілдік құбылыс деп түсіндіріледі.

Қазақстанға енгізіліп жатқан көптілді білім бағдарламасы бірегей, батыстық аналогтардан ерекшелігі – паралельді және біруақытта үш тілді оқыту. Мемлекеттік көптілдік саясаты жүйелік,тұрақтылық, сабақтастық қағидалары негізінде қалыптасқан. Әлеуметте этностық және мәдени топтардың бірнеше өкілдері тұратын Республикада бірегей этномәдени жағдай қалыптасқан. Біздің мемлекетімізде ресми деңгейде қостілділік бекітілген: ҚР Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі – ресми пайдаланатын, ұлтаралық қатынастың тілі. Сондықтан білім беру жүйесі қостілділік білім жүйесі ретінде сипатталады және көптілділікке тез ауыстырылады.  

Көптілдікті іске асыруда ПМПИ бірінші болып қатысып отыр. ҚР БҒМ бұйрығымен ПМПИ көптілді білім берруді ендірудің эксперименталды базасы ретінде болып анықталды.

Үштілді оқытуға көшу кезеңдеп іске асырылды және бүгінде оқу орнында алты мамандықтың студенттері үштілді білім беру бағдарламасын оқуда: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, педагогика және бастауыш сынып әдістемесі, физика, химия, информатика, биология. Жалпы контингент 358 адам, 2015-2016 жылы оқуға түскен 12 мамандықтың студенттері оқуларын жалғастыруда.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндердің 50% туған тілде, 20% - екінші тілде, 30% - ағылшын тілде оқытылады. Көптілді білім беру бағдарламарын құрастыруға жұмыс берушілер қатыстырылады: мектепке дейінгі, бастауыш және орта ұйымдардың тәжірибелі қызметкерлері, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері.

Білім беру үдерісінде оқытудың қазіргі технологиялары қолдануда: пәндік-тілдік CLILбіріктірілген оқыту, диалогтік оқыту, сыни ойлауды дамыту технологиялары.

Кафедра оқытушылары студенттермен қазақ және ағылшын тілдерінің апталығын, ашық сабақтар мен кураторлық сағаттарды өткізеді.

">