Перейти к содержимому страницы.

Роботты техника және компьютерлік жүйе зертханасының ашылуы

05.04.2017

2017 жылдың 5 сәуірінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында роботты техника және компьютерлік жүйе зертханасының ашылу салтанаты өткізілді.

Роботты техниканың құрылуы ПМПИ-дің даму бағдарламасындағы 4-ші бағыттағы «Педагогикалық білімнің мазмұнын жаңғырту» міндеті бойынша жоспарланған. Мұнда STEM-білімі мен роботты техниканың дамуы қарастырылады.

Аталмыш зертхананың негізінде алғаш рет Павлодар ауданында мамандарды дайындайтын болады.

Облысымыздың жалпы орта білім беру мектептерінің ұстаздарымен белсене араласу роботты техника және компьютерлік жүйе зертханасының даму жоспарында бар.

Сонымен қатар, Arduino атты заманауи роботты техника платформаларында оқытушылар мен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

">