«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды
14.06.2017
31 мамыр 2017жылы математика және физика кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы талқылады.
Кафедра профессоры Б.А.Найманов аталмыш мақаланы мұқият оқып шыққаны туралы, әсіресе қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшу дұрыс екендігін атап өтті.
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілеттіліктің» бір шарты.
Ол өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналған облыстық активтің жұмысына қатысқаны туралы және осы жиналыстан алған оң әсерлерімен де студенттермен бөлісті.
Кафедра меңгерушісі Ш.Н. Сарымова «Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымызды ұмытпайық» сөздерімен қорытындылады.