«Біз қала тазалығын қолдаймыз!»
02.10.2017
«Біз қала тазалығын қолдаймыз» атты ұранмен ПМПИ педагогика және спорт факультеті «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Бастапқы оқытудың теориясы мен педагогикасы», «Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім беру» мамандықтарының 1 курс студенттері 30 қыркүйекте жалпы қалалық сенбілікке шықты.
Бұлтты күнге қарамастан студенттер өздеріне бекітілген аймақты қоқыс пен жапырақтардан тазалады. Студенттермен бірге топ кураторлары Г.И.Жумажанова, Г.Р.Аспанова, Г.К.Кудушева, М.К.Жанзакова қатысты.