Перейти к содержимому страницы.

«Рухани жаңғыру» іске асуда

08.12.2017

ПМПИ педагогика және спорт факультетінің профессоры, декан А.Нургалиева «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орын алған ҚР білім беру жүйесінің инновациялық және жаңғыру мәселелері талқыланды.

А.К.Нургалиева осы бағдарламаның іске асуы жастардың, болашақ мамандардың қолында екенін атап кетті. Постоялко М., Жылкайдарова С., Кұрбан А., Басхан Ж. және Шырынбек Н. бағдарламаның негізгі бағыттарын сөз етті.

Студенттер білім беру жүйесіне, жалпы біздің ЖОО-ға қатысты мәселелерді талқылады.

Ертеңгі күні 30 дамыған елдің қатарына кіріп, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін білім алуымыз қажет деген пікірді дөңгелек үстел қатысушылары қалыптастырды.

">