Перейти к содержимому страницы.

Баянауылдағы физикалық-географиялық практика

13.06.2017

География және химия кафедрасы, 5В012800 - география мамандығының 2 курс студенттері оқу жоспарына сәйкес Ә.Қ. Елемесовтың жетекшілігімен маусымның 02 және 08 күндері аралығында оқу (физ-географиялық) практиканы атқарып қайттық. Баянауыл табиғаты аясында практикадан алған танымдық тәжірибеміздің маңызы естен кетпес әсер қалдырды. Айдын шалқыр Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің жағасындағы ақ-шағыл құмдары мен демалыс орындары, көлге жақын тау шатқалдары мен  шың-құздары бізді тамсандырмай қоймады. Баянауыл өңірінің табиғи ерекшеліктерін шынайы көріп, бақылау арқылы  географиялық білімдерімізді тереңдетуге мүмкіндік туды. Сәкентас,Найзатас,Кемпіртас т.б. тас мүсіндер құпиясы өз алдына бір төбе. Баянауыл аумағында метеорологиялық, гидрологиялық, геоморфологиялық,  бақылаулар жасалумен қатар, ландшафтық қима және топографиялық түсірілімдер орындалды. Ш.Айманов атындағы №4 мектеп-интернаттың 7-8 сынып оқушыларына туризмде қолданылатын (шатыр құру, ағашқа өрмелеу, арқан байлау, от жағу т.б.) әдіс-тәсілдер жиынтығын меңгерулеріне мүмкіндік алды. Оқу практикамыздың өтуіне мүмкіндік берген ПМПИ басшылығына, практика жетекшісі Ә.Қ. Елемесовке,  практиканың басы-қасында жүріп бірге атсалысқаны үшін Ш.Айманов мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлына үлкен алғысымызды білдіреміз.

">