Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ биологтары ағылшын тілінде оқулықтарын Ресейде шығарды

20.05.2017

Ресей жаратылыстану академиясының баспасы павлодарлық биологтардың екі оқулығын ағылшын тілінде – Г.К.Тулиндинова «Генетика на английском языке» және Б.К.Жумабекова мен А.С.Рамазанованың «Биогеоценология на английском языке» жарыққа шығарды. Оқулықтар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 2016 жылы бастау алған болашақ биология мұғалімдерін дайындауда көптілді оқытудың әдістемелік қамтамасыз етілуі» жооішілік жобасы аясында дайындалған.2017 жылдың наурызында аталған басылымдар Лондон кітап көрмесінде ұсынылған, олардың аннотациялары көрменің аннотация тізімдемесіне (Лондон, Ұлыбритания) енген еді. ПМПИ оқу кеңесінің шешімімен “Генетика на английском языке” және «Биогеоценология на английском языке» оқулықтары РОӘК грифін алу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ұсынылған еді. Қолжазбаның атақты рецензенттері танымал ғалымдар биология ғылымдарының докторы, профессор Р.И.Айзман Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей, Новосібір қаласы; биология ғылымдарының докторы К.К.Байтұрсынов, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан.

Ш.Ж.Жумадина, биология ғылымдарының докторы, профессор, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар, Қазақстан.

Н.Е.Тарасовская, биология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар, Қазақстан.

Л.Т.Булекбаева, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар, Қазақстан.

А.К.Оспанова, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар, Қазақстан.

«Генетика на английском языке» оқу құралының негізгі мақсаты – педагогикалық оқу орындары биология мамандығының студенттеріне генетика негіздерін ағылшын тілінде меңгерту, көптілді оқу жағдайында болашақ кәсіби қызметке дайындалу. Оқу құралының материалы лексикалық қорды ғылыми сипаттағы мәтінді оқу және аудару кезіндегі меңгертуге бағытталған.

«Биогеоценология на английском языке» оқулығы ағылышын, орыс, қазақ тілінде биогеоценологияның түсініктерімен, ұғымдарымен танысу үшін және студенттердің ғылыми білімін кеңейту үшін студенттерге арнайы дайындалған. Оқу басылымы 5 Units модулінен, оның әрқайсысы Chapters тарауынан тұрады. Оқу материалының тараулар көлемі кредиттік жүйе бойынша оқытудың оқу апталарына сәйкес. Оқу құралына кіреді: дәрістер курсы, әр тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары, үш тілдегі өздік жұмысқа арналған тапсырмалар, әр тарауға арналған ағылшын-орыс-қазақ глогссарий. Үш тілде кілтті сөздер мен сөйлемдер, семинар сабақтарында талқылауға салынатын тақырыптар тізімі, зертханалық жұмыстар, ағылшын-қазақ-орыс терминологиялық сөздігі және әдебиеттер тізімі.

“Генетика на английском языке” және «Биогеоценология на английском языке» ЖОО студенттері мен биология және экология мамандықтарының оқытушыларына арналған және ағылшын тілінде оқып жүрген студенттер мен оқушыларға ыңғайластырылған.

">