Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-дегі өлкетану

22.05.2017

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында 2017 жылдың 18 мамырында Мектеп гиді ерікті студенттер өлкетану ұйымы жұмысы бастады. Өлкетану ұйымының мүшелері алғашқы саяхатқа шықты. Мектеп гиді мәдени-білім беру, зерттеу, мұражай және өлкетану жұмыстарына белсенді қатысушы ерікті Павлодар мемлекеттік педагогикалық студенттердің басын қосты.

Мектеп өз жұмысын әлемге жағымды және қызықты «Халықаралық мұражай күні» мерекесінде өз жұмысын бастады.

Жолбағыттаушы мектептің мақсаты – студенттер танымын дамыту және жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделген кәсіби кадрларды дайындауда институт жұмысына қол ұшын тигізу.

Гид мектептің негізгі міндеттері: жас мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуда көмектесу, мұражай қызметін оқыту арқылы студенттердің өз мамандығына шығармашылық тұрғындан қарау; өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын тереңдетіп оқыту; институт студенттерінің ғылыми-шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға көмек беру; студенттерде тарихи және мұражай құжаттарымен жұмыс істеу дағдысы қалыптастыру; туған өлкенің ескерткішіне, табиғатына, тарихына ұқыпты қарау жұмыстарын ақпаратты түрде көпшілікке тарату. Мәдени-білім беру қызметпен (өлкетану және мұражайтану жұмыстарымен қызығатын) айналысатын және аталған бағыттар бойынша өздігінен баяндама, реферат, хабарландырулар жасайтын ПМПИ-дің кез келген студенті гид мектептің мүшесі бола алады.

">