Перейти к содержимому страницы.

Жас мамандар біліктіліктерін арттыруда

16.02.2017

2017 жылғы 15 ақпанда облыстық жалпы білім беру мектеп-интернатында жас мамандарға арналған «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оқытудағы функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында белсенді оқыту мен тәрбиелеу стратегиясын қолдану» атты семинар-оқыту өткізілді.

Аталмыш семинарға интернаттық ұйымдар бөлімінің жетекшісі Жұмабекова Б. Т., «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша БАИ ПҚ» қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы Құрманова Г. Қ., ПМПИ анатомия, физиология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Кенжебаева Т.Б. және интернаттық ұйымдардың жас мамандары қатысты.

Семинар қонақтары оқытушы мен оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыру сабағына қатысып, бірден Жас маман мектебі жұмысының жүйесімен таныс болды. Кейін пәндік мұғалімдерге арналған «Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру негізі», тәрбиешілер мен қосымша білімі бар педагогтарға «Заманауи тәрбиеші: тұлға және білікті маман» секциялық отырыстарында мектеп-интернатының жас мамандары өздігінен білім алу жұмыстары бойынша өзара тәжірибе алмасты.   

Сонымен қатар, қонақтар жас мамандар мен педагогтардың ашық сабақ және сабақтан тыс іс-шараларына кіріп шығуға мүмкіндік алды. Семинардың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

">