Перейти к содержимому страницы.

Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі

15.02.2017

2017 жылғы 9 мен 11 ақпан күндері аралығында Алматы облысы, «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешенінде Бүкіләлемдік радио күніне орай, «Цифрлық сауаттылық жаңа мүмкіндіктері дата журналистика матрицасы ретінде» атты IV Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті. Аталмыш мектепке қатысуға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты атынан филология және тарих факультеті, ҚжЭН-31 тобының студенті Тәжібаев Дарын жолдау алған болатын. Қысқы мектепте облыстың барлық аймақтарының ЖОО және БАҚ өкілдері мен коммуникациялық қызмет директорлары қатысты. Тәжібаев Дарынның айтуы бойынша, жоба жоғарғы деңгейде өтіп, журналист ретінде ұшталуға, жаңашыл көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Іс-шараның соңында Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросының директорының міндетін атқарушы Андрей Сергеевич Шевелев студентіміздің журналистика саласындағы білімін жоғары бағалап, біліктілікті арттыру курсын тәмамдағаны туралы куәлік табыс етті.

Алған жаңа білім мен тәжірибе алдағы уақытта институтымыздың коммуникациялық дамуына өз үлесін тигізеді деген сенімдеміз

 

">