Слово к пользователям
Құрметті қауым!
«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!» деп ақын Мағжан Жұмабаев үлкен үміт артып кеткен жастар тәуелсіз Отанымыздың бұдан да әрі гүлденуінің өркендетуші күші екені баршамызға аян. Ойы озық, жаны таза, білімге бай, өмірге бейім, иманды да ибалы жастар – ұлт мақтанышы. Сондықтан, жаңарудың жарқын жолына бағыт алған мемлекетімізде жас ұрпақ тәрбиесі өте маңызды.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші Жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында баса айтып, адами капитал саласын жақсарту мәселесінде нақты тетіктерді іске қосуды тапсырды.
Білім ордамыздың басты мақсаты да осы, яғни білімді, ұлтжанды, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Осындай маңызды мақсаттарымен ПМПИ ректоры, химия ғылымдарыны4 докторы, профессор Алтынбек Нухұлының бұйрығымен институтымыздың қабырғасында «Ұлағат» атты ғылыми-практикалық орталығы ашылды. Орталықтың бірнеше нақты міндеттері бар. Солардың арасында:
- тарихи және энциклопедиялық әдебиеттер қорын қалыптастыру;
- мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың, ғылыми ой жетістіктерін, мәдениет пен әдебиеттің алдыңғы үлгілерін жасау;
- ұлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін жинақтау (жергілікті материал негізінде);
- ғылыми білімді насихаттау;
- ғылыми-әдістемелік құралдарды даярлау.
Орталығымыз отансүйгіштік рухта өскелең ұрпаққа халқымыздың тарихи зердесі мен этно-мәдени құндылықтарын насихаттау негізінде атқарылатын тәрбиелік қызмет түрлеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
Ұлттық тәрбие – ұлағат үлгісі Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай: «Басқа елдердің соңында шаңын жұтпай, алдыңғы қатарына жылжыған абзал». Бүкіл халқымыздың үкілеген үміті де, сенім артқан тірегі ертеңгі ел иесі де - бүгінгі жастар. Олай болса, жас ұрпақты ұлттық сана, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеудің маңызы өлшеусіз. Елім деп, жерім деп жарғақ құлағы жастыққа тимей ұлты үшін жанпида ғұмыр кешкен кешегі Алаш арыстарының өнегелі өмірі өркенді тағылым тұғыры. «Мың өліп, мың тірілген» қазағының талқыдағы тағдырына алаңдап, талай тауқыметті бастан өткерді. Ұлтына ұлық болуды емес, ұлтан болуды аманаттаған Алаш ардақтыларының айбынды ісін жалғастыра білу бүгінгі өскелең ұрпақтың өрелі міндеті.
Орталығымыздың бірінші болып атқарылып жатқан үлкен жобасы – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға Ыбырай Алтынсарин атамызға арналған. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Осы жоба бес кітап болып шығады деп жоспарлаймыз.
Ал екінші қолға алған үлкен жобамыз - «Аманат» кітап сериясын шығару. Бұл жобаның негізгі мақсаты – әрбір ұстаздық тәжирибесі мол, білікті де білімді тұлғалардың өткен жолын оқырмандарға үлгі ету, қара шаңырағымыздың іргетасын қалаған ардагерлерімізді ардақтау.
«Ұстаздық жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» дегендей, «Аманат» кітап сериясы арқылы өңіріміздің білім беру саласына өлшеусіз үлес қосқан байырғы білім ордасының ардагер ұстаздарымыздың жарқын бейнелерін көрсетуге атсалысамыз. «Ғалымның хаты өшпейді» деген осы ғой...
Жар астынан жау, бөрік астынан бөрі шыққан сонау аумалы-төкпелі заманда «Түркі үшін күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым» деген Білге қаған бабамыз ел тағдырына алаңдап, ат үстінде мазасыз күй кешті. Ата-бабамыздан келе жатқан осы үрдісімізді ұлықтай білсек, ұтылмаймыз.
Ұлты үшін отқа күйіп, суға батқан қайран бабалардың қайсарлығы мен қаһармандығы бізді үнемі тәнті етеді. Жоспары мол, «аталар жолымен, ағалар ізімен» жүріп, орталығымыздың да еңбегі қазақтың маңдайына біткен ұлы Абай айтып кеткендей, «бір кірпіш болып дүниеге кетігін тауып», қалансын.
Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы – қазақ даласы, тілегі бір, жүрегі бір көп ұлтты халқымыз ұлттық ұлы дәстүрлер рухымен дамыған елдердің сапына қадам басуына, гүлденуіне әр азамат болып атсалысайық! Ендеше, орталығымыздың биік мақсатарына, адал ниеттеріне ақ жол!
Мәйдаш Ракымжанова,
«Ұлағат» ғылыми-практикалық
орталығының директоры
«Нам необходимо вглядеться в прошлое,
чтобы понять настоящее и увидеть контуры будущего»
Н. А. Назарбаев
Уважаемые пользователи Интернета!
14 сентября прошлого года в стенах ПГПИ приказом ректора, доктора химических наук, профессора Алтынбека Нухулы был создан научно-практический центр «Ұлағат». Трудно перевести на русский язык потрясающую глубину значения этого слова. Ближе всего к нему обозначение как духовный завет. И это одна из главных задач нашего центра. Знаменательно то, что он был открыт в преддверии 55-летнего юбилея вуза, объединившего несколько поколений – ученых, сотрудников, выпускников и студентов. И одну из первых своих серий со значимым названием «Аманат» центр посвящает тем людям, которые стояли у истоков вуза во главе с первым ректором Анатолием Семеновичем Катерининым. Работа над книгами еще в процессе, и вы можете принять участие, прислав свои воспоминания как о людях нашего вуза, так и о своих студенческих годах в таких родных стенах института.
Первый директор Центра Айжан Тлектесовна Макишева, старший преподаватель кафедры кафедры истории Казахстана и зарубежных стран, сформировала сильную команду, пригласив к сотрудничеству педагогов-ученых вуза, имеющих богатейший опыт в выпуске научной и научно-популярной литературы. Среди них такие крупные ученые как доктор филологических наук, профессор Сутжанов Сейфитден Назымбекович, автор ряда монографий и учебных пособий и кандидат филологических наук, доцент ПГПИ Амренов Адильбек Даутбекович, который помимо других языков в совершенстве знает и арабский язык, имеет ряд книг. Замзагүл Абляшовна Сабданбекова, кандидат исторических наук, также имеет ряд трудов по историко-культурному наследию, успешно трудится на кафедре истории Казахстана и зарубежных стран нашего института.
Айжан Тлектесовна Макишева
А кто из выпускников-филологов нашего вуза не помнит замечательную Светлану Филипповну Нуркенову, ветерана ПГПИ, работавшую доцентом кафедры русского языка и литературы. Она долгие годы преподавала в педагогическом институте и является одним из лучших литературоведов Павлодара. Педагогическое и научное общение с ней никогда никого не оставляло равнодушными. И сегодня она – в сплоченной команде Центра.
Над разными этапами редактуры трудится Роза Кашаубаевна Кожухова, к слову, тоже выпускница биолого-химического факультета нашего вуза, имеющая многолетний опыт работы в государственных органах. Работа над книгами так увлекательна, что к ней подключились и наши молодые сотрудники. Впервые пробует свои силы в этом направлении молодой историк Асель Кайратовна Сыздыкова, и мы верим, что все у нее получится.
Роза Кашаубаевна Кожухова
Мы – один из самых молодых центров в составе вуза, но в наших далеко идущих планах – работать и с теми, кому сегодня нужна такая литература. Ведь, согласитесь, не во многих организациях есть такие ресурсные возможности, как в нашем институте. Это и научные ресурсы, и отличное техническое оснащение. Весь процесс рождения новой книги – от первых строк и ее тиражирования – происходит в стенах вуза. Мощное типографское оборудование института позволяет нам «качественно» одеть наши издания.
Директор НПЦ «Ұлағат» Майдаш Рахимжанова