Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ студенті ең үздік ғылыми-зерртеу жұмыстары байқауында І орынға ие болды

26.06.2017

Осы жылдың сәуір айында 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенті Аяжан Құмарова «Актуальные проблемы правовой культуры казахстанского общества» тақырыбындағы конкурстық жұмыспен «Лучшая научно-исследовательская работа студентов юридических вузов» атты (РФ,  Санкт-Петербург қаласы) халықаралық байқауға қатысты.

Аяжан Құмарова ұсынылылған ғылыми жұмысымен 1 орынды иеленіп, жеңімпаз дипломымен марапатталды. Студентті байқауға дайындаған - экономика, құқық және философия кафедрасының доценті А.С.Ахметов.

">