Перейти к содержимому страницы.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының ғалымдары Ақсу қаласының №1 мектебінің бастауыш сыныптарында болып қайтты

04.05.2017

Соңғы жылдары мемлекет және қоғам тарапынан білім берудің бастауыш сатысына көп назар аударылуда. Өйткені бұл кезең жеке тұлға болып дамуындағы адам өміріндегі маңызды кезең болып есептеледі. Сондықтан оқушылар, мұғалімдердің, ғалым-педагогтардың бірлесіп жұмыстануы баланың дамуындағы көп мәселелерді шешуге ықпал ететіні анық.

Жеке тұлғаның зияткерлік дамуында мектеп қабырғасында зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу, оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми жобаларын жазу мәселелері бойынша кафедра профессоры З.Е. Жумабаева мастер-класс өткізді. Қатысушылар назарына тәжірибеге бағытталған материал, презентациялар және сынақтан өткізу тәсілдері ұсынылды. Олар мектеп деңгейінде өткізілетін зерттеу жұмысының ерекшеліктерімен танысып, негізгі ғылыми критерийлерді анықтап, зерттеу тақырыптарын таңдау бойынша сұрақтарына толыққанды жауап алды. Мектеп оқушылары өздерінің жұмыстарын талқыға салып, профессор тарапынан кеңестік қолдау тапты.

Мәтіндік есептерді шығару, математика сабағында интернет желісін пайдалану әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры М.А. Кененбаева ашып берді. 4 «А» сынып оқушылары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап, «Математика сабағында интернет желісін пайдалану» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Қатысушыларға «Қозғалыс» тақырыбына видео-роликтер, мәтіндік есептерді шығаруға арналған презентациялар көрсетілді, сонымен қатар іс-әрекетті бағалауда қолданылатын «kahoot» компьютерлік бағдарламасы ұсынылды. Профессор бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі және интерактивті компьютерлік технологиялар бойынша  нақты кеңестер берді.

Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне технология пәні бойынша кафедра доценті М.Ш. Кунанбаева өткізген мастер-класста қағазбен жұмыс жасаудың негізігі тәсілдері көрсетілді. 3 «А» сынып оқушылары гофр-қағазымен жұмыс істеуді үйреніп, сабақ соңында қоңырау гүлін жасап, үлгерді. Қатысушы мұғалімдерге технология пәнінің ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері көрсетіліп, қағаздың мектеп пен кабинет ішін безендіруде қолдану нұсқалары таныстырылды.

Ғалымдар-мұғалімдер-оқушылар-студенттердің бірлескен іс-әрекеті талған іс-шараға қатысушылардың көңілінен шығып, бастауыш білім берудің көптеген мәселелерін шешу жолында шығармашылық әрекетке жетелеуі сөзсіз. Кафедраның осы тобында математика сабағын өткізуде белсенді ат салысқан 3 курс студенті Т. Досалы. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдері бұрын-солды болмаған іс-шараның нәтижесіне дән риза болды. Келешекте бқл педагогикалық игі бастама кафедра мен мектеп іс –әрекетінде өз жалғасын табады.

">