Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ қызметкерлері мен студенттері Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Хайланұлы Барлыбаевпен кездесті

03.02.2017

2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті халыққа  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын жариялағаны баршаға мәлім. Осы ретте, «Нұр Отан» және «Ақ жол» партиялық фракциялары атынан ҚР Парламент Мәжілісінен бір топ депутат аталмыш жолдауды талқылау мақсатында Павлодар өңіріне келді.

Парламент депутаттары алдағы бір-екі аптада еңбек ұжымдары, ауыл тұрғындары, шығармашылық қоғам, жастар, ардагерлік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және медицина қызметкерлерімен кездеседі.

 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына тоқталатын болсақ, бұл іс-әрекеттің алгоритмі, қазақстандықтарды аса толғандыратын мәселелердің шешілуі, ілгерілеуі деп білеміз. Бұл жолдама арқылы қысқа мерзімде көздеген мақсатқа қол жеткізу, ауқымды міндеттерді атқару басты талаптардың бірі болып табылады.

ПМПИ ректоры,  профессор А. Нұхұлы Елбасы жолдауы бойынша қысқаша мәлімдеме жасап,  қызметкерлер мен студенттерге байланысты негізгі бөлімдерге тоқтала отырып, өз ойын ортаға салды. Сөз кезегі Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ерлан Хайланұлы Барлыбаевқа берілді. Ол ауыл шаруашылық, агро өндірістік мәселелерін үздік білетін мамандардың бірі. Бүгінде экономикалық саясат және кәсіпкерлік қолдау бойынша «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселесі бойынша Комитетінің мүшесі.  

Кездесу барысында ПМПИ қызметкерлері мен студенттері тарапынан әр түрлі бағыттағы сауалдар қойылып, қоғам арасындағы өзекті тақырыптар орын алды. Әсіресе, еңбекақы мен шәкіртақының өсу деңгейі аса қызығушылық тудырды. Жылдар бойы көпшілікті толғандырып жүрген тіл мәселесі де шетте қалған жоқ. Дегенмен, бүгінгі таңда жағдай әлдеқайда жақсаруда. Мемлекет тарапынан тілді ресми түрде дамыту жұмыстары алға қойылған.

Іс-шараға келген тағы бір қонақ, жерлесіміз Павлодар облысы «Ақ жол» демократиялық партиясы фиилиалының жетекшісі Ербол Сейтахметұлы Арынов еліміздегі экстремизм,терроризм тақырыбында ой қозғап, онымен қоса, білім беру саласындағы бағыт-бағдармен бөлісіп, жастарды әңгімеге тартты.

 ПМПИ ректоры, профессор А. Нұхұлы депутаттарға қызықты әрі пайдалы кездесу ұйымдастырғандарына ризашылығын білдіріп, Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Инстуты ұжымы атынан алға қойылған мақсат-міндеттерді орындайтынын мәлім етті.

Елбасы жолдауын халық арасында түсіндіру депутаттарға жүктелген болса, оның мазмұнын жастар жатқа білсе жөн болмақ.

">