Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-дың түлегі Мамед Ибрагимов 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысты

25.08.2016

Рио-де – Жанейрода өткен жазғы олимпиада ойыны өз мәресіне жетті.  Оған екі жүзден астам елдер қатысты. Қазақстан 30 спорттың түрінен 17-іне қатысты. Олимпиада Қазақстан үшін жүлде саны бойынша рекордтық болды, Қазақстанның қоржынында он жеті медаль: 3 жоғары сынамалы марапаттар, 5 күміс және 9 қола бар.  Алтын медаль иегерлері жүзуші Д. Баландин,  зілтемірші Н. Рахимов,  боксшы Д. Елеусінов болса, күміс жүлдегерлері  дзюдошы Е. Сметов, штангашы Ж. Жаппарқұл, боксшы В. Левит және балуан Г.Манюрова. Қола медаль дзюдошы Ж. Отгонцэцэг, ауыр атлеттер Ф. Харки, К. Горичева мен А. Зайчиков, жеңіл атлетикадан  О. Рыпакова, еркін күрес балуандары Э. Сыздықова, Е. Ларионова, сондай-ақ боксшылар И. Дычко және Д. Шәкімова жақсы нәтиже көрсетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жиырма екінші орынға ілікті.

ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына, оның ішінде,  еркін күрестен Қазақстанның Ұлттық құрамасына халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі  Мамед Ибрагимов қатысты.

Мамед Ибрагимовтың қоржынында  ҚР чемпионатында  (2013 ж.) 2-орын, XVII жазғы Азия ойындарында (2014 ж.)  1 орын, халықаралық турнирде (2015 ж.) 3-орын, К. Циолковскийді  еске алу халықаралық жарысында (2016 ж.) 3 орындардың иегері.

Мамедтің  жаттықтырушысы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик  – Жанат Усин.

Айқаста 1/8 олимпиадалық кілемге Мамед  венесуэлалық  Хосе Даниэль Диас Робертпен күресті.

Қажырлы күресте біздің спортшы венесуэлдық азаматты  мерзімінен бұрын  1/4 ұпаймен  жеңіп, финалға өтті.

Бірінші үш минуттықта М. Ибрагимов  Х. Робертпен бірнеше тәсіл арқылы күресіп  жеңіп,  екінші бөлімде айқасты  ол мерзімінен бұрын аяқтады.

 Ширек финалда грузин Элизбар Одикадзе палуанымен  кездесіп,  өкінішке орай жеңіліс тапты.

Осыған қарамастан Мамед финалға ілікпесе де,  ол ұлттық құрамада үздік нәтиже көрсете білді.

Мамедке спорттық аренада аты шулы жеңістер тілеп, ең жоғары орынға көтеріле берсін деген ізгі тілегімізді білдіреміз!

">