Перейти к содержимому страницы.

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шара

13.03.2017

Үстіміздегі жылдың 10- наурызында «Дефектология» мамандығы бойынша 2-курс студенттері  анатомия, физиология және дефектология кафедрасының оқытушылары А.Ш.Тоқтарбаева мен А.Е.Ахметованың жетекшілігімен  аутист балалардың ата-аналары Ассоциациясына  арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Студенттер шағын концерт пен командалық ойындар дайындап ұсынды.

Бағдарламаны Рахман Құрманғалиев пен Әсел Шәшкенова жүргізді. Фариза Аманбек домбырамен ән салса, Мақсат Ахметжанов та «Гүлімсің» әнін шырқап берді. Бағдарлама барысында студенттер флешмоб ұйымдастырды.

Балалар тамсана ән тыңдап, билеп, сурет салып, белсене атсалысты.

Іс-шара соңында  балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.

">