Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ ректорының кубогі

28.03.2017

Кеше, яғни наурыз айының 27-де  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 5-ші корпус ғимаратында жоғары оқу орындары арасында ПМПИ ректорының кубогіне арналған КВН ашық турнирі болып өтті. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие ісі және жастар саясаты  жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен турнирге ПМПИ командасынан басқа ИнЕУ командасы қатысты. Ойын 2 байқаудан  тұрды:

1.«Сүйікті институтыма 55 жыл» тақырыбында таныстыру;  

2.Ширату

«Кубок мистері» номинациясын ПМПИ командасы жеңіп алса « Кубок миссисі» номинациясы ИнЕУ командасына бұйырды. Сонымен қатар ойыншыларға ұйымдастырушылар атынан басқа да  бағалы сыйлықтар табысталды. Ауыр және шеке тірескен күресте ректор кубогін ПМПИ өз қанжығасына байлады.

">