Перейти к содержимому страницы.

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасындағы тәжірибе

03.03.2017

Педагогикалық іс-тәжірибе  – ЖОО-да білім алудың ең жауапты кезеңі болып табылады. Өйткені студенттің 4-жылда алған барлық білімін осы алғашқы     тәжірибе іс көрсетеді. Бұндай іс алғашқы нағыз кәсіби тәжірибе болғандықтан оған алдын-ала 4-курстың ортасында дайындалған жөн. Сондықтан орыс-тілі мен әдебиеті кафедрасында төменгі курс студенттері мен тәжірибе өтушілерді ашық сабаққа шақыру үрдіске айналған.

№35 ЖОББМ алтыншы сыныбында «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы ның студенті Нұржан Садық И.Шкляровскийдің «Живем в одуванчике» шығармасы тақырыбында  сабақ өткізді. Бұл сабаққа кафедра методисі Г.Н.Старченко  күндізгі бөлімнің 2-3-ші курс пен сырттай оқитын студенттерді шақырды. Сабақ барысында студенттер жаңа технология, ақпараттық байланыс, ұшқыр ой мен қолайсыз жағдайда оқыту  мүмкіндігін бақылады.  Мектептің  орыс тілі  мен әдебиеті пәнінің  алдыңғы қатарлы боп саналатын мұғалімдері студенттердің методикалық және теориялық дайындық деңгейлерін ылғи жоғары бағалайды.  Ал кафедраның оқытушылары мен студенттері өз кезегінде осындай тәжірибеге үлкен көңіл бөлетін мектеп ұжымымен жұмыла жұмыс істеуге тек қуанышты.

">