Перейти к содержимому страницы.

Оқу-әдістемелік бірлестігінің межелі мәселелері

27.04.2017

Бүгін, 24 сәуір күні Ахмет Ясауи университетінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті базасындағы Республикалық оқу әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің «Жоғары білімді интернационализациялау — ҚР жоғары оқу орындарында көптілді білім беруді дамыту факторы ретінде» атты кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжілістің басты мақсаты – көптілді білім беруде дамытуда жоғары білім беруді интернационализациялау мәселелерін талқылау.
«Құрметті әріптестер! Бүгін өте маңызды мәселе білім жүйесіндегі өзекті мәселені талқылау үшін жиналдық», — деген ХҚТУ ректоры, профессор У.Әбдібеков университеттің білім беру жүйесі туралы мәлімет берді.

Мәжіліске модераторлық жасаған ҚазМемҚызПУ-нің ректоры Д.Ж.Нөкетаева «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде көптілді білім беруді жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

Оқу әдістемелік кеңес мәжілісінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық иститутының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, әлеуметтану ғ.к., С.Қ.Алимбаева «Жоғары білімді интернационализациялау — әлем кеңістігіндегі тиімді интеграция құралы ретінде», ХҚТУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары М.М.Мырзахметов «Көптілді білім беруді енгізу: мәселелері мен болашағы», ХҚТУ Дайындық факультетінің деканы, PhD докторы, доцент А.Гунгөр «Қазақстандағы түрік тілін үйретудің өткені мен бүгіні және болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Мәжіліс секциясында ҚР-да білім беру мазмұнын жаңғырту үшін ЖОО-да бакалавриат, магистратура докторантура мамандықтары бойынша білім бағдарламаларын дайындаудың болашағы мен мәселелері; Жаһандану жағдайында ҚР-да жоғары білім беруді интернационалдау; ҚР-ның ЖОО-да көптілді білім беруді жүзеге асырудың болашағы мен мәселелері талқыланды. Екінші мәселе бойынша, республикалық оқу әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің грифін алуға ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдары туралы ортаға салып пікірлерімен бөлісті.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институының ректоры, х.ғ.д, профессор А.Нухулы шара ұйымдастырушылары ҚазМемҚызПУ ректоры Д.Ж.Нөкетаеваға және ХҚТУ ректоры, профессор У.С.Әбдібековке алғысын білдірді. Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты арасында тәжірибе алмасу, әріптестік мақсатта түрлі бағыттарда тиімді іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Кеңес мәжілісінің соңында ҚазМемҚызПУ ректоры Д.Ж.Нөкетаева, ХҚТУ ректоры профессор У.С.Әбдібековке «Ұлағат» алтын медалін тағып, сый-сыяпат табыстады. секциялық жұмыстармен жалғасты. Мәжіліс соңында берілген ұсыныстар негізінде қаулы қабылданды.
Сонымен қатар, қонақтар оқу орны ғимараттарымен танысып, «Ахмет Ясауи», «Түркі халықтарының тарихи мұражайын» аралады.

">