Перейти к содержимому страницы.

Жеңіс құтты болсын!

15.02.2017

9 және 11 ақпанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының спорттық кешенінде Қазақстан, Ресей және Моңғолия ЖОО-ның студенттері арасында бокс бойынша ПМПИ біріншілігіне қатысты VIII ашық турнир өткізілді.

Сайысқа барлығы 90 спортшы қатысты. Павлодар облысының атын ПМПИ, С. Торайғыров атындағы ПМУ, БЖСМ, бокс федерациясы, «Алға», «Гренада» спорттық клубтары және Ақсу мен Екібастұз қалаларының мықтылары қорғады.

ПМПИ студенттері жүлделі орындарға ие болды: Исин Дамир – І орын, Күйкенов Қуанышбек – І орын, Қабылқайыров Әлішер – І орын, Вахапов Д. – І орын, Аймахан Бекзат – ІІ орын, Бергенбек Бауыржан – ІІ орын, Айтмаганбет Бейсенбай – ІІ орын, Ерденов Дархан –І орын.

Сонымен қатар, 5 және 8 ақпан аралығында Будапешттте (Венгрия) бокстан «А» классы бойынша өткізілген халықаралық турнирде ПМПИ студенті Құсайынов Шаймұрат екінші, Илья Очкин үшінші орындарды иеленді.

">