Перейти к содержимому страницы.

Студенттер БАҚ беттерінде

29.05.2017

2017 жылғы 23 мамырындағы облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде корреспондент Қарлығаш Хашимқызының«Музей түні» халықаралық акция аясында Г.Н.Потанин атындағы тарих-өлкетану мұражайында өткен ауқымды «Музей түні» мақаласы жарияланды.

Мақаланың бас фотосында адам дамуының тарихындағы маңызды кезең – адам үңгірді мекендеген, терімшілікпен айналысқан алғашқы қауымдық құрылыс бейнеленген. Студенттер Жұмақұлова Нұрсұлу, Есжан Ақмарал мен Ахматқалиева Назира көне адамдар кейпін көрсетіп, сол кездің тарихи руханилығы мен шынайылығын мұражай қатысушыларына көрсетіп, өткенге саяхат жасады. Бұл, әрине, әртүрлі тарихи кезеңдерді бейнелеген көп эпизодтың бірі.

Студенттер аталған шараға қатысу мүмкіндіктеріне ие болғаны үшін қуанды және алдағы жылдарда «Мұражай түні» кешін өткізуге бар күштерін жұмсауға дайын екендерін айтып кетті.

">