Перейти к содержимому страницы.

Мәртебеңіз биік болсын, әріптес!

06.03.2017

Үстіміздегі жылдың 3-наурызында  Астана қаласының  «Назарбаев орталығында» елімізде жылда тағайындалатын Алғашқы президент қорының сыйақысымен ғылым, өнер, мәдениет  саласындағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтті. Сыйақы берудің негізгі мақсаты – жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың осы саладағы еңбек нәтижесінің маңыздылығын айшықтау  және қолдау көрсету болып табылады.

Байқаудың  комиссия мүшелігіне белгілі эксперттер, жас ғалымдар мен шығармашылық жастар кеңесі енді, сыйақыға  үміткер 127 өтініш түсті. Нәтижесінде 18 жоба үздік деп танылды, оның ішінде экономика, құқық және философия кафедрасының  докторы профессор А.С. Ахметов жеңімпаз атанып дипломмен және омырау белгісімен марапатталды.

Арман Серікұлы Ахметовты «Елбасының мәдениет, өнер, ғылым саласында Бірінші Президент Қорының Премиясы лауреаты» деген құрметті атағын алуымен құттықтаймыз. Зор денсаулық, еңбекте шығармашылық табыс және болашақ ғылыми жобаларыңыз да нәтижелі болуына тілек білдіреміз.

">