Перейти к содержимому страницы.

Ғылыми кеңестің отырысы

29.05.2017

2017 жылғы 29 мамырында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында кеңейтілген Ғылыми кеңестің отырысы өтті. ПМПИ ректоры, профессор Алтынбек Нухұлы жыл ішіндегі атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.

Біріншіден, ПМПИ-дің университет мәртебесіне түрлендіру жолында бірнеше қадамдар жасалғанын ректор атап кетті. ҚР БҒМ мемлекеттік бақылаудың тексеріс нәтижесі мен біліктілік талаптарына сай ЖОО осы мәртебеге толықтай сәйкес келеді.

2016-2019 жылдардағы 100 нақты іс көрсетілген ПМПИ даму бағдарламасын іске асыру талдауы жігерліндіреді. Соңғы 5 ай ішінде жоспарланған 19 шара атқарылып отыр. 2016 жыл – табысты жыл болды. Институт Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанның көшбасшы педагогикалық ЖОО-дың үштігіне енді, ал білім беру бағдарламалары 25 жүлделік орынға ие болды.

Іске асырылған мақсат пен мідеттерді атап кетіп, ректор «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың жолдарына тоқталып кетті. ПМПИ-дің аймақтыз археологиялық орталығы «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бір ғана жобамен шектеліп қалмайды. Кітапхана қоры мен Марғұлан орталығына біздің жерлестеріміз, танымал ғалымдар, академиктер Ә.Х.Марғұлан және Е.Н.Бекмахановтың құнды мұрағат құжаттары келіп түсті. Олар Ә.Х.Марғұланның қызымен және Е.Н.Бекмахановтың жарымен берілген еді.

Қызметкерлері бірінші қазақ педагогі және ағартушы Ыбырай Алтынсарин (5 томдық) және ЖОО қалыптасуының тарихының басында тұрған адамдардың қызметі мен өмірлеріне арналған «Аманат» сериялы кітаппен айналысып жүрген ғылыми-практикалық «Ұлағат» орталығы қалыптастырылған еді.

Мұражай қызметінде де түрлендірулер болмақ. Бас оқу корпусының бірінші қабатында орналастырылатын «ПМПИ шежіресі» мұражай экспозициясының дизайні құрастырылып, бекітілді.

ПМПИ жергілікті туризмді дамыту, аймақтық энциклопедияларды құру, облысымыздың 100 жаңа тұлғасы тізімін қалыптастыру жобаларына ат салысып жүр. 24-30 шілде аралғығында Баянауылда Қазақстан, Ресей және Моңғолия мемлекеттерінің жетекші оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында жастар халықаралық фестивалі өтеді. ПМПИ тек қана қатысушы емес, сонымен қоса осы фестивальді ұйымдастырушылардың бірі.

«Алда болу үшін біз барлық бағытта жұмыс істеуіміз қажет. Тек сонда ғана біз өзіміздің кадрлық, және ғылыми-зерттеу күш-қуатымызды арттыра аламыз. Тек қана біздің институттың барлық бағыттағы үдемелі саясаты біз қабылдаған стратегиялық мақсатымызға сай – студенттерінің көшбасшы қабілеттерін қалыптастыратын табыскер, тапқыр, мықты ЖОО болуымыз қажет» - деді Алтынбек Нухұлы.

">