Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ белсенділері «Замандас» клубының мүшелерін Қарттар күнімен құттықтады

03.10.2016

ПМПИ студенттері – «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Замандас» клубының ардагер мүшелері Қарттар күнімен құттықтау мақсатында арнайы кездесу өткізді. 1 қазанда кез-келген аға буын жылы лебіз тыңдап, құттықтау күтетіні ақиқат. Мұндай жылылықты үлкен адамға сыйлаған қандай керемет! Әр мекемеде мерекелік концерт өтеді.

Ән айтып, би билеу, дастархан жаю – мұның барлығы үлкендерге көрсетілген құрмет пен сый. Жас отандықтар олардың қиын жылдарда атқарған еселі еңбектері мен балалары мен немерелерін тәрбиелеп, оларға үлгі бола білгендері үшін шексіз алғыс білдірді. 

Мереке соңында белсенділер ардагерлердің үйлеріне барып, мерекелік сыйлықтарын табыс етті.

">