Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-гі өзін-өзі тану

04.10.2016

Ұстаздар күніне орай қазан айының 4-ші күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында студенттердің қатысуымен өзін-өзі басқару күні өтті. Оқу бөлімінің және құрылымдық бөлім басқармасы, сонымен қатар факультет декандарымен бірге осы шараға орай ПМПИ басқармасын ауыстыратын студенттер тізімі құрылды. Ұстаздардың бұл лауазымға ең лайық студенттерді таңдады.

Таңғы сағат 9.00-ден басталған жұмыс күні қызықты өтті. Жаңа жұмыс орынға тағайындалған ПМПИ ректоры Сейтбатталов Мәди жұмыс жоспарын талқылап өтті. Бірінші рет өзін ұстаз ретінде сезінген барлық студент-ұстаздар жиналысқа жиналып, жұмыс күнінің мақсатын және міндетін талқылады. Мәди Сейтбатталов бастаған топ корпустарды аралап, жұмыс барысын қарап өтті. Ректорды көрген ұжым зор құрмет көрсетіп, кім қандай  жұмыс атқарғандары жайлы баяндады. Бұл шараға студенттер тыңғылықты қарап, жауапкершілік танытты. Өздерін салмақты ұстап, шынайы ұстаз ретінде көрсете білді. Сонымен қатар, ректорат (Сейтбатталов Мади, Смагулов Ниязбек, Казакова Виктория и Гореленкова Марина) көрген ұстаздарға зор құрмет көрсетіп, құттықтап бүгінгі мерекемен құттықтады. Жұмыс күні біткен соң белсене қатысқан студент-ұстаздар бір күндік еселі  еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара ұстаздарға арналған мерекелік концертпен аяқталды.

">