Студенттің ар-намыс кодексі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық студенттерінің қауымдастығы:
- институт миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезеді,
- Қазақстан Республикасындағы кәсіби педагог кадрларын даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі, ПМПИ-дің бірлескен мәдениеті мен беделін қолдау және дамыту өз парызын, деп санайды,
- ПМПИ жетістіктерін студенттер мен жастар ортасында насихат жүргізеді,
- ПМПИ-де студенттер, қызметкерлер жəне жоғарғы оқу орнының əкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтылады,
- ПМПИ студентінің осы Ар-намыс кодексін қабылдайды жəне оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.
1-бап.
ПМПИ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ПМПИ Жарғысын, ішкі тəртіп Ережесін, жатақханада тұру ережесін жəне басқа да ПМПИ-дің нормативтік актілерін сақтайды.
2-бап.
ПМПИ студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық мəдениетін, Қазақстан мемлекеттінің қалыптасу тарихы мен Қазақстанның мемлекеттілігін біледі жəне оларды қастерлейді, институт дəстүрлерін кіршіксіз сақтайды жəне оларды арттырады.
3-бап.
ПМПИ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен жəне ПМПИ əкімшілігімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық танытады.
4-бап.
ПМПИ студенті кез келген адамға оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік мәртебесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды.
5-бап.
ПМПИ студенті өзінің оқудағы міндеттерін қатаң орындайды, этикалық, академиялық және құқықтық олқылықтар жасамайды, соның ішінде:
- шығармашылық ұрлық;
- алдау;
- шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру жəне сыбырлап айту;
- неғұрлым жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызмет бабындағы байланыстарды пайдалану;
- пара беру;
- оқытушыны алдау жəне оны сыйламау;
- сабаққа себепсіз қатыспау.
6-бап.
ПМПИ студенті институт мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды жəне институт аумағында бүлдірушілік көріністерінің жүзеге аспауына шара қолдану;
7-бап.
ПМПИ студенті институттың кітапханалық-ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарайды жəне оларға қатысты салғырттыққа немесе зиянкестік әрекетке жол бермейді.
8-бап.
ПМПИ студенті жинақы жүреді. Оның сыртқы түр келбеті эстетикалық нормаларға сəйкес келеді.
9-бап.
ПМПИ студенті салауатты өмір салтын ұстанады және насихаттайды, өзінің мəдени, адамгершілік жəне денесінің даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, институттың қоғамдық-мəдени, ғылыми жəне спорттық өміріне белсене қатысады.
10-бап.
ПМПИ студенті институтта жəне одан тыс жерлерде де құқыққа қарсы əрекеттерге жол бермеуге тиіс.
11-бап.
ПМПИ студенті – елде тұрақсыздыққа бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, тосқауылдарға, акциялар мен шерулерге қатыспауы тиіс.
12-бап.
ПМПИ студенті институт мүддесіне қайшы келетін жəне ПМПИ имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-əрекетке қатысудан бас тартады.
13-бап.
ПМПИ студенті Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сəтте оны өз күшімен тыюға тырысады, болмаса бұл туралы студенттердің өзін-өзі басқару органдарына немесе əкімшілікке хабарлайды.