ПМПИ-дің сапа менеджменті жүйесі
Жоо-лардың білім беру қызметінің сапасын арттыру мемлекеттік міндеттер аясындағы стратегиялық мақсат ретінде және жоо-ның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін, оқу орнының өз міндеттері шеңберінде оны дамыту мен гүлдендіру құралы ретінде қарастырылады.
Мамандарды даярлау сапасын арттырудың, сондай-ақ жоо-ның бәсекеге қабілетті болуының бір жолы – сертификаттау мен аккредиттеу механизмдерінің көмегімен халықаралық дәрежеде сәйкестігін мойындату. ИСО 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификатталуы халықаралық аккредиттеу және сертификаттау жүйесінің маңызды құрастырушысы болып табылады.
Сапа менеджменті жүйесін енгізудің практикалық пайдасы бар, атап айтқанда:
- институт басшылығына:
жоо-ның үдерістер желісін айқындау, жауапкершіліктің, өкілеттілік пен өзара қарым-қатынастың нақты бөлінуі әрқайсысына жалпы қызметті басқаруды жақсартты;
басқарудың төменгі сатыларында көрініс табатын сапа саласындағы саясат, жоо-ның даму стратегиясы мен мақсаты үдерістер нәтижелілігін, құрылымдық бөлімшелер мен белгілері, олардың жетекшілері мен қызметкерлер құрамын бағалау үшін көрсеткіштер мен белгілер жүйесін қалыптастыру негізі болып табылады;
ішкі аудиттерді өткізу мақсатты түрде жақсарту қажет салаларды анықтауға және бөлім жетекшілері мен қызметкерлер құрамының қызметін жоспарлы түрде қарқындатуға мүмкіндік береді;
институттың имиджін, демек оның білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін де арттырады;
- институт қызметкерлеріне:
әр түрлі құжат түрлерін іздестіру және оның жаңа түрлерін жасау бойынша жұмысының тиімділігі артады;
жаңа рәсіммен айтарлықтай тез танысуға болады;
әрбір қызметкердің жұмысы оның ішінде ішкі аудиттің әсерінен реттеліп жетілдіріледі;
сапа жүйесі бойынша ішкі аудиторларға ұсыныстарын айта отырып, жалпы жоо мен өз қызметін жақсарту үдерісіне қатысу мүмкіндігі; өз қажеттіліктерін қанағаттандыру, өйткені сапа менеджменті жүйесінің дамыту ерекшеленген қызметкерлерді нақты анықтап, оларды ынталандыруға мүмкіндік береді;
- тұтынушыларға (талапкерлер, студенттер, білім беру ұйымдарына және т.б.):
көп дәрежеде олардың білім беру үдерісі мен оны қамтамасыз ету жүйесінің нәтижелеріне деген талаптары қанағаттандырылады;
жоо-ның имиджі артады және оның нәтижесі ретінде оның дипломының да имиджі артады.
Білім беру сапасын және басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында 2007 жылы институтта сапа менеджменті жүйесі енгізілді. 2008 жылы лицензиялау саласына сәйкес мамандықтар мен бағыттар бойынша жоғары кәсіби білімінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (бакалавр, маман) білім беру қызметтерін жобалау мен әзірлеуге қатысты, «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі Қауымдастығы (Санкт-Петербург қаласы) мен «IQNet» Халықаралық сертификаттау жөніндегі жүйесіне сәйкес сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2008 Халықаралық сертификаты берілді.
2010 жылғы 27 желтоқсанның № 10.1466.026 сертификаттың қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты және TQCS International (Kazakhstan, Аустралиялық өкілдігі) сертификаттау жөніндегі Халықаралық органның 2013 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне сәйкес ПМПИ-ге сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2008 Халықаралық стандартына сәйкес № KZ 244 – QC сертификаты 3 жыл мерзіміне берілді.
2013 жылғы 25 желтоқсанның № KZ 244 – QC сертификаттың қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты және SGS (SGS Kazakhstan Ltd., Швейцария) сертификаттау жөніндегі Халықаралық компаниясының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес ПМПИ-ге сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2015 Халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес сертификатталды және бағаланды. 2017 жылдың 20 қаңтарында ПМПИ-ге № СН17/0079 сертификаты 3 жыл мерзіміне берілді.
Сапа менеджменті жүйесінің қызмет ету мерзімі ішінде анықталды
ПМПИ-дің миссиясы:
Ұлттың зияткерлік әлеуетінің дамуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының педагогикалық элитасын қалыптастыру.
Көрінісі:
Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметтері нарығында педагог кадрларын даярлау бойынша ПМПИ көшбасшы.
Стратегиялық мақсаты:
Үздік әлемдік практикаға сай озық сапалы білім беру
Сапа салысындағы саясат
Сапа салысындағы мақсаттар
Әзірленді және қабылданды
ПМПИ-дің, оның факультеттері, кафедралары және басқа да бөлімдерінің сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсартуға және қызметінің жетілдірілуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылауды сапа менеджменті бөлімі жүзеге асырады.
Бас ғимарат, № 107 бөлме
Байланыс телефондары: 651671, 552798 – 229, 298 (ішкі)
e-mail: [email protected]