Перейти к содержимому страницы.

Халықаралық семинар

19.06.2017

Жақында Тараз қаласында М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Қазақстандағы Эразмус+Ұлттық Кеңсесі ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментімен бірлесіп, Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы агенттігінің (EAСEA) қолдауымен «Қазіргі заман тәсілдеріне сәйкес мұғалімдерді дайындау оқу бағдарламасының мазмұнын жаңарту» атты халықаралық семинары өтті. Семинарға оқу-әдістемелік басқарманың бастығы Ә.А. Жақиенова қатысты.

Семинар еуропалық сарапшы Ханнеле Ниеми (Hannele Niemi), Хельсинки университетінің профессоры (Финляндия) «Еуропадағы мұғалімдерді дайындау барысындағы жаңа векторлары: біз нені және не үшін өзгертеміз», «Жаңа тәсілдерді оқу бағдарламаларына қалай ендіру және оларды модульдерге, курстарға, оқыту нәтижелеріне аудару», «Оқытатың стильдер: қазіргі студенттер үшін ең үздігі не болып табылады» атты презентациялармен қатысты.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды еуропалық педагогикалық практикаларындағы білім беру бағдарламалары мен әдістемелерді дайындауына ерекше назар аударып, қазіргі заман беталыстарымен таныстыру.

">