Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ «Мектепке жол» акциясына қатысты

13.09.2016

Қазақстанда тоғызыншы мәрте 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін өткізілетін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Аталмыш акция Білім күніне арналып, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды оқу-білімге ынталандыру мақсатында жүргізіледі. Биылғы жылы акция «Бақытты балалақ аймағы» атты атаумен өткізіліп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Акция мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының балалары мен жетім және асыраушысынан айырылған, мүгедек балаларды жаңа оқу жылына дайындау, атаулы көмек көрсету.  

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты республикалық акциядан тысқары қалмай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. №17 ЖОББ мектебінің оқушысы Александр Пашинский мен Аружан Темірболатоваға мектеп формасы мен кеңселік заттар берілді. Оқушылар мен олардың ата-аналары көрсетілген көмекке дән риза болып, алғыс білдірді.  

    

">