Ректор блогы
Қымбатты жолдастар!
Сіздерді өзімнің жеке блогымда қарсы алуға қуаныштымын!
Еліміздің жетекші педагогикалық ЖОО болып табылатын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 55 жыл бойы өз студенттерін сапалы біліммен қамтамасыз етіп келеді. Біз отандық жоғары мектептің дәстүрлерін ұқыпты сақтай отыра, білім беру саласының озық үрдістеріне сүйене отырып, белсенді түрде дамып келеміз.
ПМПИ заманауи үрдістерге сай тұрақты және дамып келе жатқан жоғары оқу орны ретінде білім беру нарығында өзін ұсынды.
2016 жылы Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде үшінші орынға ие болып, үздік жоғары оқу орындарының ондығына енді. 2012 жылы ЖОО «EUROPEAN QUALITY» атты халықаралық марапатқа ие болды. ЖОО Германия мен Қазақстанның тәуелсіз аккредитациондық агенттіктерінің барлық білім беру бағдарламаларының институционалдық және мамандырылған аккредитациясынан өтті.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері өз білімдерін жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға қабілетті жақсы мамандар, шығармашылық тұлғалар ретінде бүкіл республикаға танымал.
Трансшекаралық білімді дамыту бойынша ПМПИ Қазақстан мен Ресейдің педагогикалық ЖОО Қауымдастықтарын құрушы және Азия университеттерінің Қауымдастығына кіреді. Біздің серіктестер – Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Венгрия, Болгария, Германия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік университеттері.
Жоғары оқу орны ретінде ПМПИ-ді таңдау - атақты ғалымдар мен оқытушылардың жетекшілігімен алынатын сапалы білімнің кепілі ғана емес, сондай-ақ студенттік өмірден жарқын әсер алу.
Ректор блогы – ЖОО тіршілік әрекетіне қатысты сұрақтарды кең ауқымда талқылауға болатын интербелсенді алаң. Мен сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Мен, ректор блогының ЖОО бүкіл құрылымдары мен сапалы білім беру үдерісінің бақылауы мен айқындылығын жоғарылатып, қызметкерлер мен студенттердің мәселелерін шешіп бере алатынына сенімдімін.
Алыс аймақтардан келген студенттердің жатақханаға орналасуы, оның ішінде Серпін бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 25 тамызынан басталады. Құжаттарды келген бойы тапсырады.
Жақын аймақтардан келген студенттер (Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары) 31 тамыздан бастап орналастырылады.
Жатақханаға ораналсу үшін құжаттар тізімі:
— ректордың атына өтініш;
— жеке бас куәлігі;
— тұрғылықты мекенжай анықтамасы/немесе үй кітапшысының көшірмесі;
— 2 файл;
— 3 фото (3х4);
— 086у үлгісіндегі медициналық анықтама (оқуға қабылдану құжаттарында болған жағдайда 1 курс — көшірмесі, 2-3-4 курстар — түпнұсқасы);
— облыстық психневрологиялық диспансерден анықтама (оқуға қабылдану құжаттарында болған жағдайда 1 курс — көшірмесі, 2-3-4 курстар — түпнұсқасы);
— облыстық наркологиялық диспансерден анықтама (оқуға қабылдану құжаттарында болған жағдайда 1 курс — көшірмесі, 2-3-4 курстар — түпнұсқасы);
— флюрография (оқуға қабылдану құжаттарында болған жағдайда 1 курс — көшірмесі, 2-3-4 курстар — түпнұсқасы);
— егілу картасы (көшірме);
— мінездеме: 1 курс — мектептен директордың қолымен, 2-3-4 курстар — факультеттен деканның қолымен;
Жеңілдікке ие санаттағы студенттер (жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, жетімдер үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, бала жастағы мүгедектер мен І,ІІ,ІІІ топ мүгедектері, көп балалы немесе аз қамтылған отбасынан және т.с.с), келесі растайтын құжаттарды тапсырады:
— ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама;
— ата-ана құқығынан айыру туралы анықтама;
— мүгедектікті растайтын құжат және т.б
Қосымша ақпаратты ПМПИ тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқармадан алуға болады (бас оқу ғимараты, 216 каб., тел: 8(7182) 65-16-18).