Перейти к содержимому страницы.

Үшінші модернизацияның негізгі басымдықтары

10.02.2017

Педагогика және спорт факультетінің студенттері Елбасының жолдауы аясында еліміздің бәсекеге қабілетілігін ары қарай дамыту туралы ой қозғады. Оқытушы А.Е. Мандаева және психология кафедрасының аға-оқытушысы Г. С. Аяпбергенова адами капиталдың сапасын арттыру біріншіден халықтық білім беруге қатысты екенін тілге тиек етті. Сарапшылар болашақ оқытушыларға педагогтарды жаңа формацияда бәсеке қабілетті етіп тәрбиелеу, жан-жақты, өзіне де өзгеге де шығармашылықпен қарайтын маман болу басты міндеттердің бірі болып табылатынына сендірді.

Елбасының жолдауын талқылауға студенттер де келді. БОПӘ-31 тобының студенті А. Зейнолла көптілділіктің білім беру саласында қаншалықты жүзеге асып жатқанын сөз етті. Ал, ПжП-21 тобының студенті Жанерке Басхан Президенттің жолдауын талдау барысында ақапараттық және сандық технологияларды қолдану жайлы айта кетті.

Елбасы жолдауын талқылауға белсене қатысқан студенттер: А. Кәрібай, А. Теміржан, Б. Хуанған. Шағын іс-шараның қатысушылары конституциялық реформаларды қолдайтынын растап, барлық салада оңтайлы орын алатынымен бөлісті.

">