Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ Павлодар ауданында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

17.02.2017

Кәсіби бағдар жұмысы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады, өйткені одан ЖОО-на кім келіп оқиды, яғни – келешекте кім мұғалім болатынына байланысты.

Жақында филология және тарих факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор Қ.М. Текжанов және экономика, құқық және философия кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д. С.Т. Иксатова Чернорецк жалпы білім беру мектебінде өткізілген Павлодар ауданы мектептерінің мұғалімдері мен түлектері арасында кәсіби бағдар жұмысын өткізді.

Кездесу барысында филология және тарих факультетінің деканы Қ.М. Текжанов факультет мамандықтары бойынша мәліметтерді, қызмет ететін оқытушылар, студенттердің жетістіктері туралы және педагогикалық институттың мүмкіндіктері туралы сөзбен айтып берді.

Кездесу соңында сынып түлектері Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушыларына қызықты әңгіме өткізіп, институт туралы пайдалы мәліметтер бергендеріне  алғыс айтты.

">